О корректировании средней урожайности (продуктивности), приведенных в нормативной карточке, а также цен, представляемых органами статистики для исчисления дохода от личного подсобного хозяйства при назначении ежемесячного государственного пособия на детей до 18 лет Қолданыста
Басқа 0
18 жасқа дейінгі балаларға арналган ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар тағайындағанда нормативтік карточкада келтірілген орташа түсімді (өнімділікті), сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынатын бағаларды түзету туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы № 1092 қаулысын орындауда Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЬІ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 10 %-ға азайту жолымен дала аймағында жеке қосалқы шаруашылықтан алынған табысты есептеу үшін нормативтік карточкада келтірілген орташа түсімді (өнімділікті) есепке алынуын түзету белгіленсін.
Тармақ 2
2. 80 %-ға азайту жолымен 18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындағанда жеке қосалкы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары 2006 жылға ұсынатын бағаларды түзету белгіленсін.
Тармақ 3
3. «Қарасу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Л.Б. Ужакова) 18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны алуға үміткердің жеке косалқы шаруашылығынан алынған табыстарды есептегенде осы қаулыны басшылықка алсын.
Тармақ 4
4. «18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар тағайындағанда нормативтік карточкада келтірілген орташа түсімді (өнімділікті), сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынатын бағаларды түзету туралы» Қарасу ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 29 мамырдағы № 146 қаулысының (мемлекеттік тіркеу нөмірі 5-13-12, «Қарасу өңірі» 2006 жылғы 23 маусымдағы № 19) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулы 2006 жылдың 1 тамыздан бастап қолданыска енгізіледі.