О корректировании средней урожайности (продуктивности), приведенной в нормативной карточке, а также цен, представляемых органами статистики для исчисления дохода от личного подсобного хозяйства, при назначении ежемесячного государственного пособия на детей до 18 лет Күшін жойған
Басқа 0
18 жасқа деиінгі оалаларға арналған ай сайынғы
мемлекеттік жәрдемақылар тағайындағанда
нормативтік карточкада келтірген
орташа түсімді (өнімділікті), сондай-ақ
өзіндік қосалқы шаруашылықтан түскен табысты
есептеу үшін статистика органдары ұсынатын,
бағаларды түзету туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1- тармағының 14) тармақшасына және 2-тармағына, «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жөрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы № 1092 қаулысымен бекітілғен Балаларға арналған жәрдемақы алуға үміткер отбасының жиынтық табысын есептеу ережелерінің 30-тармағына сәйкес, Лисаков қаласының әкімдіғі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Нормативтік карточкаларында келтірген қүрғақ дала аймағында өзіндік қосалқы шаруашылықтан табысын есептеу үшін орташа түсімді (өнімділікті) есептеу мәліметтерін 30 пайызға азайту жолымен түзету анықталсын.
Тармақ 2
2. 18 жасқа дейінғі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар тағайындағанда озіндік қосалқы шаруашылыктан табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынатын 2007 жылға арналған бағаларды 30 пайызға азайту жолымен түзету бекітілсін.
Тармақ 3
3. «Лисаков қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Садыкова Ф.С.) 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы алуға үміткер отбасының өзіндік қосалқы шаруашылықтан табысты есептеуде осы қаулыны басшылыққа алсын.
Тармақ 4
4. «18 жасқа дейінгі - балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемакылар тағайындағанда нормативтік карточкада келтірген орташа түсімді (өнімділікті), сондай-ақ озіндік қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика-органдары үсынатын бағаларды түзету туралы»әкімдіктің 2006 жылғы 25 сәуірдегі № 329 қаулысының (нормативтік қүқықтық" актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылдың -16 мамырдағы № 9-4-50 болып тіркелген, 2006 жылғы 25 мамырдағы № 21 «Лисаковская новь» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 5
5. «18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар тағайындағанда нормативтік карточкада келтірген орташа түсімді (өнімділікп), сондай-ақ өзіндік қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін суатистика органдары ұсынатын бағаларды түзету туралы»әкімдіктің 2006 жылғы 25 сәуірдегі № 329 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2006 жылғы 3 тамыздағы № 708 қаулысының (нормативтік қүқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылдың 12 қыркүйектегі № 9-4-59 болып тіркелген, 2006 жылғы 21 қыркүйектегі № 38 «Лисаковская новь» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Лисаков қаласы әкімінің орынбасары В.В. Абоимоваға жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулы оны алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.