О корректировании цен, представляемых органами статистики для исчисления дохода от личного подсобного хозяйства при назначении ежемесячного государственного пособия на детей до 18 лет Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.01.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар тағайындағанда жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынатын бағаларды түзету туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына сәйкес, «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемакылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы № 1092 қаулысын орындауда Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 30 %-ға азайту жолымен 18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындағанда жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары 2007 жылға ұсынатын бағаларды түзетуді белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Қарасу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Л.Б. Ужахова) 18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны алуға үміткердің жеке қосалқы шаруашылығынан алынған табыстарды есептегенде осы қаулыны басшылыққа алсын.
Тармақ 3
3. «18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар тағайындағанда нормативтік карточкада келтірілген орташа түсімді (өнімділікті), сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынатын бағаларды түзету туралы» Карасу ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 4 тамыздағы № 228 қаулысының (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-13-17, «Қарасу өнірі» 2006 жылғы 15 қыркүйектегі № 30) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оны алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн еткен соң колданысқа енгізіледі.