Об оказании единовременной социальной помощи детям инвалидам до 18 лет ко Дню инвалида Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.02.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мүгедек күніне қарсы 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға біржолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Занының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39-ІІІ «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 16-бабына, және де «Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер» бюджеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мүгедек күніне қарсы 18 жасқа дейінгі мүгедек-балаларға біржолғы әлеуметтік көмек (әрі қарай - әлеуметтік көмек) көрсетілсін:
Тармақша 1
1) әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу жөнінде уәкілетті орган болып «Қарабалық ауданының жұмыспен қамту және әлеуметгік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) анықталсын;
Тармақша 2
2) әлеуметтік көмек бюджетпен қарастырылған қаржы шегінде 500 теңге мөлшерінде төленеді;
Тармақша 3
3) әлеуметтік көмекті төлеу екінші деңгейлі банктер немесе банктік операциялардың тиісті түрлеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің лицензиясы бар ұйымдар арқылы алушының дербес шотына ақшалай қаражатты аудару жолымен уәкілетті органның тізімі бойынша жүргізіледі.
Тармақ 2
2. Қосымшаға сәйкес уәкілетті органга әлеуметтік көмекті тағайындау ушін қажетті құжаттардың тізімі бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Исенбаевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап іс-қимылға енеді.
Басқа 8. Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті құжаттардың тізімі
Қарабалық ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 1 ақпандағы № 55 қаулысына қосымша Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті құжаттардың тізімі
Тармақ 1
1. Әлеуметтік көмек алуға үміткер тұлғаның (әрі қарай-арыз беруші) жазбаша арызы;
Тармақ 2
2. Баланың тууы туралы куәлігінің көшірмесі (16 жасқа дейінгі мүгедек бала үшін);
Тармақ 3
3. Жеке басын куәлындыратын құжаттың көшірмесі (16 жасқа толған және одан үлкен мүгедек үшін);
Тармақ 4
4. Арыз берушінің жағдайын растайтын құжаттың көшірмесі (медико-әлеуметтік сараптау комиссияның анықтамасы, медициналық қорытынды және басқа құжаттар);
Тармақ 5
5. 18 жасқа дейінгі мүгедек - баланың ата-анасының, баланы (қызды) асырап алушының, қамқоршының (қорғаншының), басқа заңды өкілінің жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;
Тармақ 6
6. (Баланы (қызды) асырап алушылар, қамқоршылар (қорғаншылар) үшін) жағдайын растайтын құжаттың көшірмесі: баланы (қызды) асырап алушылар кәмелетке толмаған мүгедеті асырап алу туралы соттың шешімін ұсынады; қорғаншылар (қамқоршылар) қорғаншының (қамқоршының) куәлігін немесе қорғаншы және қамқоршы тағайындау органдарының кәмелетке толмаған мүгедекке қорғаншы (қамқоршы) тағайындауы туралы шешімін ұсынады.