Об оказании единовременной социальной помощи детям инвалидам до 18 лет ко Дню инвалида
Қолданыста
Қаулы
№ 55
21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об оказании единовременной социальной помощи детям инвалидам до 18 лет ко Дню инвалида
- Атауы (қаз.)
- Мүгедек күніне қарсы 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға біржолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 55
- Қабылданған күні
- 01.02.2007
- Қолданысқа енгізілген күні
- 01.01.2007
- Көрсетілген редакция
- 01.02.2007 32018_317670.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.02.2007
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V07NL000032
- ЭКБ идентификаторы
- 32018
- Редакция идентификаторы
- 32018_317670
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 16:08
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.02.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Мүгедек күніне қарсы 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға біржолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Занының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39-ІІІ «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 16-бабына, және де «Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер» бюджеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мүгедек күніне қарсы 18 жасқа дейінгі мүгедек-балаларға біржолғы әлеуметтік көмек (әрі қарай - әлеуметтік көмек) көрсетілсін:
1) әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу жөнінде уәкілетті орган болып «Қарабалық ауданының жұмыспен қамту және әлеуметгік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) анықталсын;
2) әлеуметтік көмек бюджетпен қарастырылған қаржы шегінде 500 теңге мөлшерінде төленеді;
3) әлеуметтік көмекті төлеу екінші деңгейлі банктер немесе банктік операциялардың тиісті түрлеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің лицензиясы бар ұйымдар арқылы алушының дербес шотына ақшалай қаражатты аудару жолымен уәкілетті органның тізімі бойынша жүргізіледі.
2. Қосымшаға сәйкес уәкілетті органга әлеуметтік көмекті тағайындау ушін қажетті құжаттардың тізімі бекітілсін.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Исенбаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап іс-қимылға енеді.
Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті құжаттардың тізімі
Қарабалық ауданы әкімдігінің
2007 жылғы 1 ақпандағы
№ 55 қаулысына
қосымша
Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті құжаттардың тізімі
1. Әлеуметтік көмек алуға үміткер тұлғаның (әрі қарай-арыз беруші) жазбаша арызы;
2. Баланың тууы туралы куәлігінің көшірмесі (16 жасқа дейінгі мүгедек бала үшін);
3. Жеке басын куәлындыратын құжаттың көшірмесі (16 жасқа толған және одан үлкен мүгедек үшін);
4. Арыз берушінің жағдайын растайтын құжаттың көшірмесі (медико-әлеуметтік сараптау комиссияның анықтамасы, медициналық қорытынды және басқа құжаттар);
5. 18 жасқа дейінгі мүгедек - баланың ата-анасының, баланы (қызды) асырап алушының, қамқоршының (қорғаншының), басқа заңды өкілінің жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;
6. (Баланы (қызды) асырап алушылар, қамқоршылар (қорғаншылар) үшін) жағдайын растайтын құжаттың көшірмесі:
баланы (қызды) асырап алушылар кәмелетке толмаған мүгедеті асырап алу туралы соттың шешімін ұсынады;
қорғаншылар (қамқоршылар) қорғаншының (қамқоршының) куәлігін немесе қорғаншы және қамқоршы тағайындау органдарының кәмелетке толмаған мүгедекке қорғаншы (қамқоршы) тағайындауы туралы шешімін ұсынады.
қорғаншылар (қамқоршылар) қорғаншының (қамқоршының) куәлігін немесе қорғаншы және қамқоршы тағайындау органдарының кәмелетке толмаған мүгедекке қорғаншы (қамқоршы) тағайындауы туралы шешімін ұсынады.