Қолданыстағы ред. 26.01.2007

18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау кезінде жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынған бағаларды түзету туралы от 26.01.2007 г. № 16 (18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау кезінде жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынған бағаларды түзету туралы)

0

18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау кезінде жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынған бағаларды түзету туралы
«Казақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңның 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы № 1092 «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» қаулысымен бекітілген балаларға арналған жәрдемақы алуға үміткер отбасының жиынтық табысын есептеу ережесінің 30-тармағына сәйкес Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. 18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау кезінде жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары 2007 жылға ұсынған бағаларды 30 пайызға азайту жолымен түзету белгіленсін.

2

2. "Науырзым ауданы әкімиятының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) 18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алуға үміткерлердің жеке қосалқы шаруашылықтарынан түскен табыстарды есептегенде осы қаулыны басшылыққа алсын.

3

3. Аудан әкімдігінің «18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау кезінде нормативтік карточкаларда көрсетілген орташа түсімді (өнімділікті), сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынған бағаларды түзету туралы» 2006 жылғы 1 маусымдағы № 145 қаулысының (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-16-34, № 15 "Науырзым" аудандық газетінде 2006 жылғы 5 шілдеде жарияланған, 2006 жылғы 25 тамыздағы № 222 «2006 жылғы 1 маусымдағы № 145 «18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау кезінде нормативтік карточкаларда көрсетілген орташа түсімді (өнімділікті), сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынған бағаларды түзету туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысымен өзгерістер енгізілген, мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-16-43, № 20 "Науырзым" аудандық газетінде 2006 жылғы 10 қарашада жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

4

4. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5

5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Б.А. Шаяхметовке жүктелсін.