Об утверждении стандарта оказания государственной услуги назначения государственного пособия семьям, имеющим детей до 18 лет Государственным учреждением «Отдел занятости и социальных программ Тайыншинского района Северо-Казахстанской области» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.11.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» Мемлекеттік мекемесімен 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларына мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы «Әкімшілік процедуралар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2000 жылғы 27 қарашадағы 9-1 бабына, «Мемлекеттік қызмет көрсетудің бір үлгідегі стандартарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы қаулысының 2 тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» Мемлекеттік мекемесімен ұсынылған 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларына мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы аудан әкімдігінің қаулысы ресми түрде жаряланған күнінен бастап он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларына мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау
Аудан әкімдігінің 2007 жылғы 16 қарашадағы № 374 қаулысымен бектілді Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларына мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Мемлекеттік қызмет көрсетудің анықтамасы (мемлекеттік қызмет көрсетудің нормативтік-құқытық анықтамасы): 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларына мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің түрі - жарым-жартылай автоматтандырылған.
Тармақ 3
3. Нормативтік құқықтық кесімнін атауы, бап (тармақ) және тармақтың мазмұны (заңнамалық керім, Қазақстан Республикасы Президентінің кесімі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кесімі), олар негізінде мемлекеттік қызметтер көрсетіледі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы № 1092 қаулысымен бекітілген балалары бар отбасыларына жәрдемақыны тағайындау және төлеу Ережелерінің 29 тармағы, «Балаларға жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті органмен арызданушыдан немесе поселкенін, ауылдың (селоның), ауылдың (селолык) округтің әкімінен құжаттар түскен күннен бастап он жұмыс куні ішінде іс қалыптастырылады және балаларға жәрдемақыны тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қабылданады».
Тармақ 4
4. Осы мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсынатын мемлекеттік органның, мемлекеттік мекеменің немесе басқа да субъектілердің атауы: «Тайынша ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Тайынша қаласы, Центральный бұрылысы, 2.
Тармақ 5
5. Тұтынушы алуға көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсетудің аяқталу формасы (нәтижесі): Хабарлама (хат).
Тармақ 6
6. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке және заңды тұлғалардың санаттары: 18 жасқа дейінгі балалары бар, отбасының әр мүшесінің бір айдағы жан басына шаққандағы табысы тұтыну қоржынынан аз отбасылары.
Тармақ 7
7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімі:
Тармақша 1
1) Тұтынушыларға қажетті құжаттарды берген күннен бастап мемлекеттік қызмет көрсетудің, мемлекеттік қызмет көрсетуді пайдалану үшін электрондық сұрау салу мерзімдері (тіркеу, талон алу күнінен бастап т.б.): 10 күн;
Тармақша 2
2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудің максималды уақыты (тіркеліп талон алған уақыттан бастап т.б.), мемлекеттік қызмет көрсетуді пайдалану үшін электрондық сұрау салу мерзімдері: 30 минут;
Тармақша 3
3) қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудің максималды уақыты, мемлекеттік қыз көрсетудің нәтижесі ретінде максималды мөлшері: 30 минут.
Тармақ 8
8. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ақылы немесе тегін екендігін көрсету. Ақылы болған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету құнын (төлем жинағын) төлеу кезінде толтыру талап етілетін құнын, төлеу формасын, құжаттың қажетті формасын (түбіртектерді) көрсету керек. Мемлекеттік қызмет көрсету: 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларына мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау тегін көрсетіледі.
Тармақ 9
9. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен қол жеткізілімділігіне талаптар туралы ақпараттық кайнар көз ретінде міндетті түрде орналастыру орындарын көрсету. Бұл стандартты ресми жариялаудың қайнар көзіне сілтеме, мемлекеттік орган, мемлекеттік мекеме немесе мемлекеттік қызмет көрсететін басқа да субъектілердің сайттарына сілтеме, немесе мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекен-жайлары. 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларына мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау мемлекеттік қызмет көрсетулердің стандарты Тайынша қаласы, Центральный бұрылысы, 2, № 4,6 кабинеттер мекен-жайы бойынша орналасқан «Тайынша ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ғимаратында стенд орналастырылған.
Тармақ 10
10. Жұмыс кестесін көрсету (күндерін, сағатын, үзілісті), қызмет көрсетулерді пайдалану үшін алдын ала жазылып қою бар ма, әлде жоқ па екендігі (шарттар мен талаптарды көрсету), жылдамдатылған қызмет көрсетудің бар не жоқ екендігі (шарттар мен талаптарды көрсету). Жұмыс кестесі: күнсайын сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін, түскі үзіліс 13-00- ден 14-00-ге дейін.
Тармақ 11
11. Қызмет көрсету орындарының шарттарын көрсету (үй-жай режимі, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, физикалық мүмкіндіктері шектелген адамдар үшін шарттар, кезекте тұрып күтудің құптауға лайық шарттары және қажетті құжаттарды даярлау (күту залы, үлгі қағаздары бар үлдірлік және т.б.). «Тайынша ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ғимаратында креслолар, залында орындықтар, ақпараттық стендтер ұйымдастырылған.
Тарау 2. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Тармақ 12
12. Қажетті құжаттар мен талаптардың тізбесін көрсету мысалы, арызданушының электрондық сандық қолының бар болуы), оның ішінде мемлекеттік қызмет көрсетулерді пайдалануға жеңілдіктері бар тұлғалар үшін:
Тармақша 1
1) балаларға жәрдемақы тағайындау үшін өтініш;
Тармақша 2
2) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
Тармақша 3
3) арызданушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 4
4) отбасының тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 5
5) Отбасының құрамы туралы мәлімет (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 02 қарашадағы № 1092 қаулысымен бекітілген балалары бар отбасыларына мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу Ережелерінің 1 қосымшасына сәйкес);
Тармақша 6
6) растайтын құжаттар қосымшасына сәйкес отбасы мүшелерінің табыстары туралы мәлімет (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 02 қарашадағы № 1092 қаулысымен бекітілген балалары бар отбасыларына мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу Ережелерінің 1 қосымшасына сәйкес). Құжаттар растайтын құжаттардың қосымшаларымен салыстыру үшін түпнұсқа және көшірме түрінде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары арызданушыға қайтарылып беріледі.
Тармақ 13
13. Сайттар сілтемелерін немесе мемлекеттік қызмет көрсетулерді пайдалану үшін толтыруға қажетті бланктар беру орындарын көрсету (арыз қалыпы т.б.). Бланктар Тайынша қаласы, Центральный бұрылысы, 2, № 4,6 кабинеттер мекен-жайы бойынша «Тайынша ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде беріледі.
Тармақ 14
14. Сайтқа сілтемені, немесе мемлекеттік қызмет көрсетуді пайдалануға қажетті толтырылған бланктар, қалыптар, арыздар және басқа да құжаттар тапсырылатын жауапты тұлғаның мекен-жайын және кабинетінің нөмірін көрсету. Қажетті құжаттардың толық пакетімен арыз Тайынша қаласы, Центральный бұрылысы, 2, № 4 кабинет мекен-жайы бойынша «Тайынша ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне тапсырылады.
Тармақ 15
15. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсетуді пайдалану күні жазылған мемлекеттік қызмет көрсетуді пайдалану үшін тұтынушының барлық құжаттарды тапсырғанын растайтын құжаттың атауы мен түрін көрсету. Арызданушының үзінді талоны.
Тармақ 16
16. Қызмет көрсетудің тәсілдері мен нәтижеге жеткізу регламентінің толық тізбесін көрсету - электрондық пошта, сайт арқылы, жеке қатынасу, курьер және т.б.. Қызмет көрсетудің соңғы нәтижесін беретін жауапты тұлға сайтының сілтемесін, немесе мекен-жайымен кабинетінің нөмірін көрсету. Анықтама поштамен жіберіледі немесе Тайынша қаласы, Центральный бұрылысы, 2, № 4,6 кабинеттер мекен-жайы бойынша Тайынша ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жеке қатынасу.
Тармақ 17
17. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтату немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін себеп болған негіздердің толық тізбесін көрсету:
Тармақша 1
1) арызданушымен берілген мәліметтердің күмәнділігі;
Тармақша 2
2) ұсынылған құжаттардың сәйкес болмауы;
Тармақша 3
3) жан басына шаққандағы орташа табыстың сәйкес тоқсанның бір айындағы азық-түлік қржыны мөлшерінен асуы.
Тарау 3. 3. Жұмыс принціпі
3. Жұмыс принціпі
Тармақ 18
18. Қызмет көрсетулерді тұтынушыларға қатысты мемлекеттік орган басшылық ететін жұмыс принціптерін түгендеп шығу (сыпайылық, көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат, сақтауды, тұтынушылар құжаттарының мазмұны туралы ақпаратты қорғауды және құпиялығын, жабықтылығын қамтамасыз ету, тұтынушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету). Мемлекеттік қызмет көрсетулерді пайдалануға арызданған азаматтар:
Тармақша 1
1) бөлім мамандарының әдептілігіне, жауапкершілігіне және кәсібилігіне;
Тармақша 2
2) белгіленген үлгідегі өтінішті тегін алуға;
Тармақша 3
3) тағайындалған төлемдерді банктік шотқа тоқсансайын аударылып тұруына арқа сүйей алады.
Тарау 4. 4. Жұмыс нәтижелері
4. Жұмыс нәтижелері
Тармақ 19
19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелері осы стандарттың қосымшасында көрсетілген сапалылық пен қол жеткізушілік көрсеткіштерімен өлшенеді.
Тармақ 20
20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе баска да субъектілердің жұмыстары бағаланатын мемлекеттік қызмет көрсетулердің сапасы мен қол жеткізуішдігінің көрсеткіштерінің мақсатты тағайындалуы жыл сайын арнайы құрылған жұмысшы топтармен бекітіледі.
Тарау 5. 5. Шағымдану тәртібі
5. Шағымдану тәртібі
Тармақ 21
21. Уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне шағымдану тәртібін түсіндіретін және шағымдар дайындауға көмектесетін (көмектеспейтін) мемлекеттік органның электрнодық пошта мекен-жайын, телефон шалуларды өңдеу орталығының телефон нөмірлерін (саll-орталықтар), немесе лауазымды тұлға кабинетінің нөмірін көрсету. Лауазымды тұлғаның әрекетіне шағымдану Тайынша қаласы, Центральный бұрылысы, 2, № 9 кабинет немесе орынбасарға № 10 кабинет мекен-жайы бойынша «Тайынша ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысына арыздану арқылы іске асырылады.
Тармақ 22
22. Шағым түскен мемлекеттік органның атауы, электрондық поштасының мекен-жайы, немесе лауазымды тұлға кабинетінің нөмірін көрсету. «Тайынша ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы, 9 кабинет; бастықтың орынбасары – 10 кабинет; Солтүстік Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті, Петропавл қаласы Абай көшесі, 64.
Тармақ 23
23. Қабылданған шағымдарды растайтын және берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орны, шағымды қарау барысында білуге болатын лауазымды тұлғалардың байланыс мәліметтері қаралатын құжаттар атуын көрсету. Үзінді талон.
Тарау 6. 6. Байланыс ақпарат
6. Байланыс ақпарат
Тармақ 24
24. Мемлекеттік органның, мекеменің және тікелей мемлекеттік қызмет көрсететін басқа да субъектінің басшыларының, оның орынбасарының және жоғары тұрған ұйымның байланыс мәліметтерін (сайтын, электрондық пошта мекен жайын, жұмыс және қабылдау кестесін, мекен-жайы, телефондарын) көрсету. «Тайынша ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі – Тайынша қаласы, Центральный бұрылысы, 2, электрондық пошта мекен-жайы: ro_tajnsha@mail.online.kz Мекеме бастығы, телефон 21347, №9 кабинет; Бастықтың орынбасары, телефон 21697, № 10 кабинет; Әлеуметтік жәрдемақылар құрылымдық бөлімшесінің бастығы, телефон 21673, № 6 кабинет; Әлеуметтік жәрдемақылар құрылымдық бөлімшесі – 4,6 кабинеттер; Солтүстік Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті, Петропавл қаласы, Абай көшесі, 64, 465648 телефон, № 213 кабинет, электрондық пошта мекен-жайы: obl_dep@mail.online.kz
Тармақ 25. Таблица. Сапа мен қол жеткізушілік көрсеткіштерінің мағынасы
25. Тұтынуға басқа да пайдалы ақпарат (шакыртуларды өңдеу орталығының телефондары, қосымша қызметтер туралы ақпарат және т.б.) 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларына мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау қызмет көрсетудің стандартына қосымша Таблица. Сапа мен қол жеткізушілік көрсеткіштерінің мағынасы Сапа мен қол жеткізушілік көрсеткіштері Көрсеткіштердің нормативтік мағынасы Келесі жылдағы көрсеткіштердің мақсатты мағынасы Есеп беру жылдағы көрсеткіштердің ағымдағы магынасы 1 2 3 4 1. Дер кезділік 1.1. құжатты тапсырған кезден бастап белгіленген мерзімде қызметтер көрсетудің % (үлесі) жағдайлары 100 100 100 1.2. кезекте 40 минуттан астам қызмет көрсетуді пайдалануды күткен тұтынушылар % (үлесі) 98 98 98 2. Сапа 2.1. қызмет көрсетулер үрдісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі) 100 100 100 2.2. лауазымды тұлғалармен құжаттарды дұрыс рәсімдеу жағдайлары (өндірістік есептеулер, есеп айырысулар және т.б.) % (үлесі) 100 100 100 3. Қол жеткізушілік 3.1. қызмет көрсетулер тәртібі туралы ақпаратқа және оның сапасына қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі) 100 100 100 3.2. тұтынушылармен дұрыс толтырылған және бірден тапсырылған құжаттар жағдайлары % (үлесі) 50 50 50 3.3. Интернет арқылы қол жеткізе алатын ақпараттар қызметі % (үлесі) 20 20 20 4. Шағымдану үрдісі 4.1. Іс бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдар % (үлесі) 4.2. Белгіленген мерзімде қаралып және қанағаттандырылып негізделген шағымдар % (үлесі) 4.3. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі) 4.4. Шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі) 5. Сыпайылық 5.1. Персоналдық сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі) 100 100 100