О корректировании цен, представленных органами статистики для исчисления доходов от личного подсобного хозяйства, при назначении ежемесячного государственного пособия на детей до 18 лет Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.07.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау кезінде жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынған бағаларды түзету туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңның 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына және 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы № 1092 «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» қаулысымен бекітілген балаларға арналған жәрдемақы алуға үміткер отбасының жиынтық табысын есептеу Ережесінің 30-тармағына сәйкес Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау кезінде жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары 2008 жылға ұсынған бағаларды 80 пайызға азайту жолымен түзету белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Науырзым ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) 18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алуға үміткерлердің жеке қосалқы шаруашылықтарынан түскен табыстарды есептегенде осы қаулыны басшылыққа алсын.
Тармақ 3
3. Аудан әкімдігінің «18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау кезінде жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынған бағаларды түзету туралы» 2008 жылғы 4 ақпандагы № 30 (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-16-66) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Х.С. Қуатқановқа жүктелсін.