О корректировании цен, представляемых органами статистики для исчисления дохода от личного подсобного хозяйства при назначении ежемесячного государственного пособия на детей до 18 лет Қолданыста
Басқа 0
18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар тағайындағанда жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынатын бағаларды түзету туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына сәйкес, "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы № 1092 қаулысын орындауда Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 80%-ке азайту жолымен 18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындағанда жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдарымен ұсынылатын 2009 жылға арналған бағаларды түзетуі белгіленсін.
Тармақ 2
2. "Қарасу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі 18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны алуға үміткердің жеке қосалқы шаруашылығынан алынған табыстарды есептегенде осы қаулыны басшылыққа алсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оны алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.