Об использовании полосы радиочастот 1880-1900 МГц для оборудования беспроводной связи стандарта "DECT" Қолданыста
Басқа 0
"DЕСТ" стандартындағы сымсыз байланыс жабдықтары үшін 1880-1900 МГц радиожиілік жолағын пайдалану туралы
"Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңының 9-бабының 2-тармағының 1) тармақшасына және "DЕСТ" стандартындағы сымсыз байланыс жабдықтары үшін 1880-1900 МГц радиожиілік жолағын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының радиожиіліктер бойынша ведомствоаралық комиссиясының 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 16-5 шешіміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Жеке және заңды тұлғаларға байланыстың әртүрлі желілерінде қолдануға арналған "DЕСТ" стандартындағы сымсыз байланыс жабдықтарын Қазақстан Республикасының аумағында әзірлеу, өндіру, жаңарту және пайдалану үшін 1880-1900 МГц радиожиілік жолақтарын екінші негізде қолдануда Қазақстан Республикасының радиожиілік жолақтарын пайдалануға рұқсаттама құжаттарының рәсімінсіз мынадай шарттарды орындаған жағдайда рұқсат берілсін:
Тармақша 1
1) Еуропаның байланыс стандарттары институты қабылдаған (ЕТSI)
ЕТSI 300175 стандартына "DЕСТ" стандартындағы жабдықтарының негізгі сипаттамалары сәйкес келу керек;
базалық және абоненттік станцияларының орташа қуаты 10 МВт аспауы қажет, антенналардың күшейту коэффициенті 18 дБ артық болмауы қажет;
"DЕСТ" стандартындағы сымсыз байланыс жабдықтарының әрбір түріне Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіпте сертификат алынуы қажет;
"DЕСТ" стандартындағы сымсыз телефон байланысы жабдығы заңнамада белгіленген тәртіппен тіркелуі тиіс және шеткі абоненттік терминал ретінде қолданылуы керек.
Тармақ 2
2. Байланыс департаменті (Волкова Е.В.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми түрде жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары Р.Р.Нұршабековке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық ресми түрден жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.