О внесении дополнения в постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 19 октября 1994 г. N 1171 Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.03.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылдың 19 қазандағы N 1171 қаулысына толықтыру енгiзу туралы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және табиғи монополияшы субъектiлердiң қызметiне бақылауды күшейту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы Етедi: "Шаруашылық жүргiзушi субъектiлер - табиғи монополияшылардың өнiмдерiне бағаны реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 19 қазандағы N 1171 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 44, 474-бап) мынадай толықтыру енгiзiлсiн: 1-тармақтың үшiншi абзацындағы "су шаруашылығы жүйелерiн" сөздерiнен кейiн "аэронавигацияны, әуе қозғалысын басқаруды" сөздерiмен толықтырылсын.