О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 декабря 1995 г. N 1741 Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.03.1997. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы N 1741 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы "Жылжымайтын мүлiкке құқықтары және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 25 желтоқсандағы N 2727 Заң күшi бар Жарлығын (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 24, 168-құжат) орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы N 1741 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi туралы Ережеге (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 38, 493-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн: 9-тармақтың 10-тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз ету"; 10-тармақтың 14-тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырады".