О внесении изменений и дополнений в постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 19 мая 1995 г. N 716 Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.05.1997. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 19 мамырдағы N 716 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы "Қазақстан Республикасының атқарушы органдарының құрылымын жетiлдiру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 19 қазандағы N 2541 U952541_ Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 19 мамырдағы N 716 қаулысына P950716_ (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 18. 204-құжат) мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн: қаулының мәтiнiндегi "Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Үкiметi" сөздерiмен алмастырылсын; мына мазмұндағы 14-жаңа тармақпен толықтырылсын: "14. Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң жанындағы Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру жөнiндегi агенттiк штаттағы 40 адамымен, оның iшiнде бiр орынбасары, 2 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитiмен Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң қарауына берiледi деп белгiленсiн". 14-тармақ 15-тармақ болып саналсын; Аталған қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi туралы ереженiң мәтiнiндегi "Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi" сөздерi "Қазақстан Республикасының Үкiметi" деген сөздермен алмастырылсын; 4-тармақ мынадай мазмұндағы жаңа абзацтармен толықтырылсын: "лизингтi пайдалану саласында бiртұтас мемлекеттiк саясат жүргiзудi қамтамасыз етедi; Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру жөнiндегi агенттiкке тiкелей басшылық етудi жүзеге асырады". 📌 Ескерту. 1-тармағының 3-4 абзацының күшi жойылған - ҚРМК-нiң 1995.12.19. N 1804 қаулысымен.