О ходе выполнения Указа Президента Республики Казахстан от 19 июня 1995 года «О порядке рассмотрения обращений граждан» департаментами труда, занятости и социальной защиты населения, коммунальной собственности, строительства и жилищно-коммунального хозяйства Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.11.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 19 маусымдағы «Азаматтар өтініштерін қарау тәртібі туралы» Жарлығының еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау, коммуналдық меншік, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық департаментінде орындалу барысы туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiқң 1995 жылғы 19 маусымдағы "Азаматтар өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы" Жарлығынықң Еңбек, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтiк қорғау және Коммуналдық меншiк, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық департаменттерiнде орындалу барысы туралы мәселенi қарап, облыс әкiмияты жоғарыда аты аталған департаменттерде азаматтар өтiнiштерiмен жұмыс жөнiнде Жарлықпен белгiленген талаптардықң орындалуы негiзiнен қамтамасыз етiлiп отыратынын атап өтедi. Жұмыстықң осы бөлiгiне жауап беретiн адамдар белгiленген, iс қағаздарын жүргiзу, азаматтардықң өтiнiштерiн қарау тәртiбi және олардықң атқарылуын бақылау туралы қолданыстағы нұсқаулыққа сәйкес келедi. Сонымен бiрге Коммуналдық меншiк, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық департаментiнiқң азаматтардықң өтiнiштерiмен жұмысында елеулi кемшiлiктерге жол берiлген. Iс қағаздарын жүргiзу жағдайына өз мәнiнде көқңiл бөлiнбейдi. Азаматтарды жеке мәселелерi бойынша қабылдау қажеттi деқңгейде ұйымдастырылмаған, азаматтарды қабылдау кестесi жасалмаған. Азаматтардықң өтiнiштерiн қараудың белгiленген мерзiмiн сақтамау жағдайы орын алады, азаматтар өтiнiштерi бойынша қабылданған шешiмдердiң орындалуын бақылау қамтамасыз етiлмеген, оның өзi жоғарғы органдарға қайталап өтiнiш жасауға әкелiп соқтырады. Азаматтар өтiнiштерiн талдау және қорытындылау жасалмайды. Жоғарыда айтылғандар негiзiнде облыстық әкiмият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Коммуналдық меншiк, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық департаментi (Оспанов В.М.) азаматтар өтiнiштерiмен жұмыста атап өтiлген кемшiлiктердi жойсын және қамтамасыз етсiн:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Азаматтар өтiнiшiн қарау тәртiбi туралы" Жарлығымен және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 31 қақңтардағы №168 қаулысымен бекiтiлген "Азаматтар өтiнiштерiн қарау тәртiбi және олардың орындалуын бақылау туралы" нұсқаулығымен белгiленген тәртiппен және мерзiмде iс қағаздарын жүргiзудi ұйымдастыруды және азаматтардың өтiнiштерiн қарауды;
Тармақша 2
2) азаматтар ұсыныстарында, арыздарында және шағымдарында көтерiлген мәселелер бойынша алынатын шаралардың орындалуына бақылау жасауды;
Тармақша 3
3) азаматтарға олардықң өтiнiштерi бойынша қабылданған шаралар туралы жазбаша және ауызша нысанда хабарлауды;
Тармақша 4
4) азаматтар өтiнiштерiн, олардағы сыни ескертпелердi талдау мен қорытуды, жұмысты жетiлдiру және азаматтар шағымдарын туындататын себептердi жою мақсатында қоғамдық пiкiрдi зерделеудi;
Тармақша 5
5) азаматтарды жеке мәселелерi бойынша қабылдауды Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 қақңтардағы №58 "Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарында азаматтарды қабылдау ережелерiн бекiту туралы" қаулысына сәйкес жүргiзілдi.
Тармақ 2
2. Қала және аудандар әкiмдерi, облыстық басқармалар мен департаменттер басшылары:
Тармақша 1
1) азаматтар өтiнiштерiмен жұмыс iстеу деңгейiн арттырсын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Азаматтар өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы" Жарлығын барлық лауазым иелерi қатаң сақтайтын болсын;
Тармақша 2
2) әкiмият, алқа мәжiлiстерiнде, кеңестерде 2001 жылдағы азаматтар өтiнiштерiмен жұмыс қорытындыларын қарасын және осы жұмысты iлгерi қарай жетiлдiру жөнiнде шаралар белгiлесiн;
Тармақша 3
3) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы түсiнiктi нысанда азаматтардықң құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiрсiн, әлеуметтiк проблемаларды шешу перспективалары, жоспарлары, жүргiзiлетiн жұмыстар туралы хабардар етсiн (тiкелей телерадиоэфирлер, "ыстық желi" телефон байланыстары, мақалалар, комментарийлер, интервью және басқалары).
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалу барысы туралы жыл сайын 1 қаңтар және 1 шiлдеде облыс әкiмi аппаратын хабардар етсiн.
Тармақ 4
4. Осы қаулынықң орындалуын бақылау облыс әкiмi аппаратынықң басшысы М.С.Өтешовке жүктелсiн.
Басқа 13. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаменті бойынша
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 19 маусымдағы «Азаматтар өтініштерін қарау тәртібі туралы» Жарлығының еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау, коммуналдық меншік, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық департаментінде орындалуы туралы Анықтама 2001 жылдың 10 айы ішінде облыс әкімі аппаратына азаматтардан 1834 жазбаша және 124 ауызша түрде арыз-шағымдар түскен. Оның 526-әлеуметтік қамсыздандыру мәселесі бойынша (материалдық көмек көрсету, көрсетілген коммуналдық қызмет үшін берешектерді есептен шығару туралы). Бұл келіп түскен арыз –шағымдар жалпы санының 29 пайызы. Осы арыз-шағымдар санының 150-і қарауға еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаментіне жіберілді. Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мәселелері бойынша 141 арыз-шағым келіп түскен (8 пайыз). Коммуналдық меншік, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы департаментіне 29 арыз жіберілді. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаменті бойынша Облыс әкімінің 2001 жылғы 18 мамырдағы №189 шешімімен бекітілген департамент туралы Ереже дайындалған. Осы Ережеге сәйкес департамент құзырына енетін мәселелер бойынша азаматтардың арыз-шағымдарымен жұмыс департаменттің негізгі міндеттері мен функцияларының бірі деп белгіленген. Азаматтар арыз-шағымдарының уақытылы қаралуын бақылайтын тұлға бекітілген. Ол ұйымдастыру бақылау және кадр жұмысы бөлімінің жетекші маманы. Азаматтар арыз-шағымдары бойынша іс-қағаздар қызметтік хат-хабардан бөлек жүргізіледі. Келіп түскен арыз-шағымдар бекітілген істер номенклатурасына сәйкес журнал жүйесі бойынша есепке алынып, тіркеледі. Арыз-шағымдарды есепке алу журналына жіп-бау өткізілген, тиісті деректемелері бар: реттік саны, келіп түскен датасы, фамилиясы, арызданушының үй адресі, арыз-шағымның түрі,басшылар тапсырмасы, кімге жіберілді және қабылданған шаралар. 2001 жылдың 10 айы ішінде департаментке 798 хат келіп түскен, оның 173-і жоғары тұрған органдардан (еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінен-4, облыстық әкімшіліктен-150). Арыз-шағымдардың негізгі түрі-өтініштер. Келіп түскен арыз-шағымдардың 20 пайызынан астамы материалдық көмек көрсету туралы өтініштер, оның 81 пайызы оңынан шешілген. Арыз-шағымның 15 пайызы-Ұлы Отан соғысы және ауру бойына мүгедектерінің жеңіл машина беру туралы, 12 пайызы-санаторлық емделуге жолдама бөлу туралы, 10 пайызы-кресло-коляскамен, балдақпен қамтамасыз ету туралы, 8 пайызы-әлемуметтік бейімделу орталығына жіберу туралы, 4 пайызы-жұмысқа орналастыру және жұмыссыздық бойынша жәрдемақы төлеу туралы. Келіп түскен 798 арыз-шағымдардың 63 пайызы оңынан шешілген. Департамент директоры әр аптаның жұмыс күні сағат 17.00 азаматтарды қабылдайды: жеке мәселе бойынша қабылдауға жазылуды азаматтардың ауызша түрдегі арыз-шағымдары бойынша басшы тапсырмаларын есепке алып, бақылау міндеттері жүктелген қабылдау бөлменің хатшысы жүргізеді. Жеке қабылданған азаматтардың арыз-шығымдары кәртішке жүйесі бойынша есепке алынады. Үстіміздегі жылдың 10 айы ішінде 114 азамат қабылданды. Директордың орынбасарлары азаматтарды жеке қабылдауды шектемейді, азаматтар келген сәтте қабылданады. Азаматтар арыз-шағымдарын қарау белгіленген мерзімдерінің сақталмау фактілері орын алған, олар бойынша шаралар қабылданған. Тәртіптік жауапкершілігі арттырылып, азаматтар арыз-шағымдарын уақытылы қаралуына бақылаудың осалдығы үшін департамент директорының бұйрығымен тәртіптік жаза қолданылады. Қызметкерлер тарапынан жұмыста жіберілген олқылықтар тәртіптіккомиссияның мәжілістерінде қаралады. Мәселен, 2001 жылғы 2 наурыздағы комиссия отырысында мерзімі өткен арыз-шағымдар мәселесі қаралған. Азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған шаралар өткізген кезде есептелетін сұраныстар мен ұсыныстардың, азаматтардың арыз-шағымдарына талдау жасалып, жалпыланады. Азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсарту мәселелері департаменттің алқа мәжілістерінде қаралады. Мәселен, алқа мәжілісінде Мақат және Махамбет аудандарында орындалуы туралы, жалғыз басты, тұрақты көмекке зәру қарттар мен зейнеткерлерге көмек көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі қалалық әлеуметтік қорғау бөлімінің жұмысы отбасыларды әлеуметтік қорғау туралы мәселелері қаралған. Коммуналдық меншік, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы департаменті туралы Облыс әкімінің 2001 жылғы 25 сәуірдегі №155 шешімімен бекітілген департамент туралы Ереже әзірленген. Осы ережеге сәйкес департаменттің негізгі функцияларының бірі азаматтардың арыз-шағымдарын уақытылы қаралуын қамтамасыз ету болып табылады. 2001 жылғы 31 мамырдағы №33-б бұйрығымен департамент жұмысының регламенті бекітілген. Онда азаматтарды қабылдау уақыты (сәрсенбі және жұма күндері 10.00 сағаттан 17.00 сағатқа дейін) мен азаматтар арыз-шағымдарымен жұмыс тәртібі белгіленген. Келіп түскен арыз-шағымдардың есебін қабылдау бөлмесінің бас маманы-референт жүргізеді. Азаматтардың арыз-шағымдарын есептеу мен тіркелуі бекітілген істер номенклатурасына сәйкес журнал жүйесі бойынша жүргізіледі. Департамент құрылған сәттен, яғни 2001 жылғы сәуір айынан бастап 37 арыз-шағымдар келіп түскен, оның 29 облыс әкімі аппараты арқылы. Арыз-шағымдардың негізгі бөлігі елді мекендер мен тұрғын үйлерді газдандыру, тұрғын үйлерді жөндеу, жолдар салу мен жөндеу туралы мәселелер. Келіп түскен арыз-шағымдардың 74 пайызы оңынан шешілген. Азаматтар арыз-шағымдарын жергілікті жерлерге барып және мәжілістерде қаралуы тәжірибеге енуде, 1 арыз жергілікті жерде, 2 арыз мәжілісте қаралған. Сонымен қатар, азаматтардың арыз-шағымдарымен жұмыста елеулі олқылықтар кездесуде. Арыз-шағымдар келіп түскен қызметтік хат-хабармен бірге тіркеледі, бұл ҚР Президенті Жарлығының 9-бабына қайшы келеді. Есепке алу журналы белгіленген нысан бойынша жүргізілмейді,жазбалар сауатсыз жүргізіледі. Арызға қойылатын келіп түскен датысы мен тіркелу нөмірі көрсетілген мөртаңбалары жоқ. Азаматтар арыз-шағымдарын қарау мерзімдері бұзылады. Облыстық әкімшілік арқылы келіп түскен 5 арыз-шағымды қарау мерзімі өтіп кеткен. Мәселен, Атырау қаласы Холодильник аулы тұрғындарының газдандыру жұмысын жүргізу туралы ұжымдық арызы 2001 жылғы 22 мамырда келіп түскен, жауабы үстіміздегі жылдың 2 тамызында берілген (2 айға кешіктіріліп). Махамбет ауданы Сарайшық селосы тұрғындарының газдандыру туралы ұжымдық өтініштеріне және Атырау қаласы Сары Арқа мөлтек ауданы 38-үй тұрғындарының пәтерлерде құрылыс кемшіліктерін жою туралы арыздарына жауап бір айға кешіктіріліп берілген. Департамент басшылығымен азаматтарды қабылдау кестесі жоқ, азаматтарды қабылдау есепсіз, жүйесіздікпен жүргізіледі. Келіп түскен азаматтар арыз-шағымдарының орындалысына тиісті бақылау жүргізілмейді. Коммуналдық меншік, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы департаментіне Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаментіне келіп түскен азаматтардың арыз-шағымдары туралы Мәлімет Ескертпе: таяқша арқылы оңынан шешілген арыздар саны көрсетілген. Келіп түскен азаматтар шағымдары бойынша мәлімет 1. Барлығы келіп түсті – 37 Оның ішінде облыс әкімі аппараты арқылы – 29 2. Мәселелердің түрі бойынша – - елді мекендерді газдандыру туралы – 18 - тұрғын үй мәселелері бойынша (объектілерді тұрғын үйге беру, тұрғын үйді жөндеу туралы) – - жолдарды жөндеу мен көбейту туралы – 11 - жұмысқа орналастыру туралы – 5 - электр қуатымен қамтамасыз ету туралы – 1 - көрсетілген коммуналдық қызметтерді есептен шығару – 1 37 арыз-шағымдардың 28 оңынан шешілген, жергілікті жерге барып 1 арыз қаралған, департамент мәжілісінде 2 арыз қаралған.