О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 ноября 1996 года N 1405 Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.12.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 19 қарашадағы N 1405 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Балалар мен жастардың қоғамдық бірлестіктерінің қызметіне жағдай жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу үшін алым төлеу тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 19 қарашадағы N 1405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 47, 457-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу үшін алым төлеу тәртібі туралы ережеде: 6-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын: "балалар мен жастардың қоғамдық бірлестіктерін, олардың филиалдары мен өкілдіктерін мемлекеттік (есепті) тіркеу үшін алым, оны төлеген күнгі қолданылған есеп көрсеткіштің екі еселенген мөлшерінде алынады"; 7-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын: "Балалар мен жастардың қоғамдық бірлестіктерін, олардың филиалдары мен өкілдіктерін мемлекеттік (есепті) қайта тіркеу үшін алым 50 пайыз, ал оларға мемлекеттік (есепті) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі берілген жағдайда - Ереженің 6-тармағының үшінші абзацында көзделген ставканың 25 пайызы мөлшерінде алынады".
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.