О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 марта 1996 года N 331 Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.04.1997. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 10 наурыздағы N 331 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы 📌 Ескерту. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997 жылғы 14 сәуірдегі N 558 қаулысымен. Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасы Кеден комитетiнiң келiсiмi бойынша Қаржы министрлiгiнiң бас салық инспекциясы белгiленген тәртiппен қосылған құнға салынатын салық төленетiн импортталатын жабдықтар мен медикаменттердiң тiзбесiн бекiту туралы" (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 12, 94-құжат) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 19 наурыздағы N 331 қаулысына мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн: қаулының аты мен мәтiндегi "Қазақстан Республикасы Кеден комитетiнiң келiсiмi бойынша Қаржы министрлiгiнiң бас салық инспекциясы" сөздерi "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң және Кеден комитетiнiң келiсiмi бойынша Мемлекеттiк салық комитетi" сөздермен ауыстырылсын; аталған қаулыда бекiтiлген Қазақстан Республикасы Кеден комитетiнiң келiсiмi бойынша Қаржы министрлiгiнiң бас салық инспекциясы белгiленген тәртiппен қосылған құнға салынатын салық төленетiн импортталатын жабдықтар мен медикаменттердiң тiзбесiндегi: "Қазақстан Республикасы Кеден комитетiнiң келiсiм бойынша Қаржы министрлiгiнiң бас салық инспекциясы" сөздерi "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң және Кеден комитетiнiң келiсiмi бойынша Мемлекеттiк салық комитетi" сөздерiмен ауыстырылсын; тiзбе реттiк номерлерi 134-160 жолдарымен толықтырылсын: "134 Автобустарға және жүк автомобильдерiне арналған жаңа резиналы пневматикалық шиналар 4011 20 000 135 Автобустарға немесе жүк автомобильдерiне арналған резиналық камералар 4013 10 900 136 Резинадан жасалған жапсырмалар, шайбалар және басқа нығыздағыштар 4016 93 137 Фрикциондық материалдар немесе олардан жасалған бұйымдар 6813 138 Жылтыр әйнек (төзiмдi немесе қалың әйнектi қоса) 7007 139 Мұнай және газ құбырларына арналған құралдар 7304 10 140 Ұшқынды iске қосатын қисықшиптiшатунды поршендi немесе роторлы iштен от алатын двигательдер 8407 141 Қысымнан ұшқын шығып iштен от алатын двигательдер 8408 142 Көрсеткiшi бар немесе оларсыз, өзге де сұйық насостар 8413 50 900 143 Бiрвалды вакуумды және ауалы насостар 8414 80 600 144 Офсеттiк басуға арналған машиналар: оралымды 8443 11 000 өзгелер 8443 19 900 145 Iске қосылу құрылғысы және iстен шығару құрылғысы, басқалар 8471 92 900 146 Трансмиссиялық валдар, өзгелер 8483 10 900 147 Валмен жинақталған қиындылы дөңгелектер және қиындылы берiлiстер 8483 40 910 148 Электрлi двигательдер мен генераторлар 8501 149 Электргенераторлы қондырғылар және айланбалы таратқыштар 8502 150 Индуктивтi орамалар және дросселдер 8504 151 Iштен от алатын двигателдi оталдыруға немесе қосуға арналған электр жабдық 8511 152 Электр жарығын және дабыл беретiн жабдық 8512 153 Радиотелефон, радиотелеграф байланысына арналған немесе радио байланысын қабылдау аппаратурасы 8527 154 Катодты-сәулелi трубкалы бейнемониторлар 8528 10 610 155 Басқа бейнемониторлар 8528 10 690 156 10 адамды тасымалдау үшiн арналған автомобильдер (жүргiзушiнi қоса) 8702 157 Жалпы салмағы 20т. асатын жаңа жүк тасымалдау автомобильдерi 8704 23 910 158 8704 тауар тапсырмасына жататын автомобильдерге арналған кузовтер (кабинасын қоса) 8707 159 8704 тауар тапсырмасына жататын бөлiктер мен жабдықтар 8708 160 Тiркемелер мен жартылай тiркемелер; басқа өздiгiнен жүрмейтiн көлiк құралдары; олардың бөлiктерi 8716"
Тармақ 2
2. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.