У.с. с 19 марта 1997 г. постановлением Национальной комиссии Республики Казахстан по ценным бумагам от 26 февраля 2000 г. N 66 ~V001077 О совмещении профессиональной деятельности на рынке ценных бумаг Күшін жойған
Басқа 0
Бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтi қоса атқару туралы
Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтi қоса атқарудың мынадай тәртiбi бекiтiлсiн:
Тармақ 1.1
1.1. Кастодиандық қызмет қызметтiң айрықша болып табылатын түрлерiнен басқа бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызметтiң кез-келген түрiмен қоса атқарылады.
Тармақ 1.2
1.2. Бағалы қағаздар портфелiн басқару жөнiндегi кәсiби қызмет брокерлiк, дилерлiк және кастодиандық қызметтермен қоса атқарылады.
Тармақ 1.3
1.3. Бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызметтiң айрықша түрлерi болып мыналар табылады:
- бағалы қағаздар ұстаушылардың тiзiлiмiн жүргiзу жөнiндегi;
- депозитарлық;
- биржадан тыс рыноктағы баға кесу жүйесiнiң;
- қор биржаларының;
- инвестициялық қордың бағалы қағаздар портфелiн басқару.
Тармақ 2
2. Бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызмет Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайлардан басқа өзге кәсiпкерлiк қызметпен қоса атқарылмайды.
Тармақ 3
3. Бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызметтi жүзеге асыруға БҚҰК-ның лицензиясы бар бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушылары құрылтай құжаттарын осы Қаулының талаптарына, оны жариялаған сәттен бастап үш ай iшiнде сәйкестендiрсiн.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушыларының қызметiн реттеу басқармасына және БҚҰК-ның осы басқармаға жетекшiлiк жасайтын мүшесiне жүктелсiн.