О реализации постановления Правительства Республики Казахстан от 19 сентября 1997 года № 1352 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 19 қыркүйектегi № 1352 қаулысын жүзеге асыру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 15.12.2004 № 50 шешімімен.
"Май құю бекеттерiн ұстау және пайдалану жөнiндегi кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру үшiн берiлетiн лицензияларды беру шарты мен тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 19 қыркүйектегi № 1352 қаулысын жүзеге асыру мақсатында, 1997 жылғы 1 қарашадан бастап:
Тармақ 1
1. Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмшiлiгiнiң өнеркәсiп және сауда басқармасы /Носиков/, Шымкент қаласының әкiмi /Орман/ тиiстi құжаттарды, май құю бекеттерiн ұстау және пайдалану жөнiнде лицензия беру және оны бақылау жұмыстарын ұйымдастыру үшiн - Оңтүстiк Қазақстан облысы өңiрiнiң көлiк инспекциясына тапсырсын;
Тармақ 2
2. Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмшiлiгiнiң өнеркәсiп және сауда басқармасының бұрынғы берген лицензиялары көрсетiлген мерзiмi бiткенше жарамды деп есептелiнсiн.
Тармақ 3
3. Оңтүстiк Қазақстан облысы Әкiмiнiң:
- "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 2201 қаулысын жүзеге асыру жөнiндегi" 1996 жылғы 8 шiлдедегi № 131,
- "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 2201 қаулысын жүзеге асыру жөнiндегi", "Оңтүстiк Қазақстан облысы Әкiмiнiң 1996 жылғы 8 шiлдедегi № 131 шешiмiне қосымшалар енгiзу туралы 1996 жылғы 23 шiлдедегi № 150" - шешiмдерi өз күштерiн жойды деп есептелiнсiн.