О внесении изменения в приказ Агентства от 19 августа 1998 года N 03-5 ОД Күшін жойған
Басқа 0
Агенттіктің 1998 жылғы 19 тамыздағы N 03-5-ОД бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 27-бабын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитеті төрағасының 1998 жылғы 19 тамыздағы N 03-5-ОД бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 16 қарашада N 645 нөмірмен тіркелген Қазақстан Республикасының табиғи монополия, субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімін қалыптастыру және жүргізу ережесіне мынадай өзгеріс енгізілсін:
9-тармақтағы:
"және оның рыноктағы үстем жағдайын тану" деген сөздер алып тасталсын.
Тармақ 2
2. Монополияға қарсы саясат, шағын бизнесті қолдау және құқықтық қамтамасыз ету басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуден өткізуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Ұйымдастыру-инспекторлық басқармасы осы бұйрықты Агенттіктің аумақтық бөлімшелеріне жеткізсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау төрағаның орынбасары С.Ш. Құрманғалиевқа жүктелсін.