О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 июня 1998 года № 566 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 19 маусымдағы N 556 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.03.2000 № 485 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
"Испат-Кармет" акционерлiк қоғамының темiр жол көлiгiмен жүк
тасымалдауына арналған тарифтер туралы" Қазақстан Республикасының 1998
жылғы 19 маусымдағы N 566
қаулысына мынадай өзгерiстер
енгiзiлсiн:
1-тармақта:
екiншi абзацтағы "кепiлдi тасымал көлемi жылына кемiнде 1,5 млн.
тонна болғанда" деген сөздер алынып тасталсын;
үшiншi абзацтағы "кепiлдi тасымал көлемi жылына кемiнде 2 млн.
тонна болғанда" деген сөздер алынып тасталсын.