О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 ноября 1999 года N 1754 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 қарашадағы № 1754 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің аграрлық бейіндегі кейбір республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарын коммуналдық меншікке беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 қыркүйектегі N 1465 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1754 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 51, 504-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесіндегі:
1 "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар" бөліміндегі реттік нөмірлері 113, 115, 123, 128, 134, 139, 141, 143-жолдар алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.