О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 ноября 1999 года N 1754 Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.10.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1754 қаулысына толықтырулар енгізу туралы "Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын конвенция (Гаага, 1961 жылғы 5 қазан) ережелерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі N 545 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1754 (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 51, 504-құжат) қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі туралы ережеде: 11-тармақ мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын: "13-1) Қазақстан Республикасының білім, ғылым органдары мен оқу орындарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қояды;"; 12-тармақ мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын: "9-1) Қазақстан Республикасының білім, ғылым органдары мен оқу орындарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қоюға;".
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.