О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 ноября 1999 года N 1754 Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.10.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Yкiметінің 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1754 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Ескерту Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N 1111 қаулысымен Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1754  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 51, 504-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілсiн: көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Білiм және ғылым министрлiгi туралы ережеде: 1) 6-тармақтағы "Кенесары көшесi, 83" деген сөздер "Республика даңғылы, 60" деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 11-тармақ: мынадай мазмұндағы 5-1), 5-2), 5-3), 11-1), 11-2) тармақшалармен толықтырылсын: "5-1) жоғары кәсiптiк және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк білiм беру бағдарламаларын iске асыратын білiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аккредиттеудi ұйымдастырады және жүргізеді; 5-2) ғылыми ұйымдарды аттестаттауды және мемлекеттiк емес ғылыми ұйымдарды аккредиттеудi жүргiзедi; 5-3) мiндеттi мемлекеттiк ғылыми-техникалық сараптама өткізуді ұйымдастырады; 11-1) Қазақстан Республикасынан тыс жерлердi қоса алғанда, мемлекеттiк мерзiмдi ғылыми-техникалық басылымдардың және басқа да баспа өнiмдерiнiң орындылығын анықтайды; 11-2) мемлекеттiк бюджет есебiнен жүргiзiлетiн ғылыми-зерттеу жұмыстарының, iргелi және қолданбалы зерттеулердiң аяқталған тақырыптары мен бағдарламаларының, қорғалған диссертациялардың мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етедi;"; 3) 12-тармақта: 5) тармақшадағы ", олардың жарғыларын бекiтуге" деген сөздер алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын: "5-1) ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелердiң жарғыларын бекітуге;"; 6) тармақшадағы "республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар мен" деген сөздер алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы 9-2), 9-3) тармақшалармен толықтырылсын: "9-2) ведомстволық статистикалық байқауларды жүргiзуге; 9-3) ведомстволық статистикалық байқаулардың бағдарламаларын әзiрлеуге;".
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.