О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 апреля 1999 года N 431 Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 сәуірдегі N 431 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасында темекі бұйымдарын өндірушілер үшін тең
жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін акциздік алым
таңбаларымен таңбалау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы
19 сәуірдегі N 431
қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы,
1999 ж., N 13, 130-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
мынадай мазмұндағы 2-1 тармақпен толықтырылсын:
2-1. 2001 жылдың 1 наурызынан бастап "Қазақстан" және "Медеу" деп
аталатын отандық темекі бұйымдарын сату 1997 жылғы үлгідегі акциздік алым
таңбаларымен ғана жүзеге асырылатын болып белгіленсін.".
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға
жатады.