О внесении дополнений в решение акима области от 19 января 1999 года № 15 Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.03.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс әкімінің 1999 жылғы қаңтардың 19-дағы № 15 шешіміне толықтырулар енгізу туралы 📌 Ескерту. Мемлекеттік тіркеу жойылды - Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 38-бабына сәйкес НҚА мемлекеттік тіркеуге жатпайды Бағдарламаларды басқаратын әкімшілік - мекемелер тізбесіне қосымша ұйымдарды енгізу қажеттілігіне байланысты ШЕШІМ қабылдаймын: Облыс әкімінің 1999 жылғы қаңтардың 19 – дағы «Жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын бағдарламалардың басқаратын әкімшілік – мекемелердің мәселелері туралы» № 15 шешіміне мынадай толықтырулар: жергілікті бюджеттерден қаржыландырылып, республикалық бағдарламаларды орындайтын және заң қағидаттарына сәйкес мемлекеттік мекемелер болып қайта тіркелуге жататын мекемелердің аталған шешімімен бекітілген тізбесіне 1-қосымшаға сәйкес; жергілікті бюджеттерден қаржыландырылып, жергілікті бағдарламаларды орындайтын және заң қағидаттарына сәйкес мемлекеттік мекемелер болып қайта тіркелуге жататын мекемелердің аталған шешіммен бекітілген.
Басқа 1. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылып, Республикалық бағдарламаларды орындайтын, сонда-ақ қағидаттарына сәйкес мемлекеттік мекемелер болып қайта тіркелуге жататын мекемелердің тізбесі (қосымша)
Облыс әкімінің 1999 жылғы «30» наурыз № 47 шешіміне 1-қосымша Жергілікті бюджеттен қаржыландырылып, Республикалық бағдарламаларды орындайтын, сонда-ақ қағидаттарына сәйкес мемлекеттік мекемелер болып қайта тіркелуге жататын мекемелердің тізбесі (қосымша) Білім департаменті: Павлодар қаласының № 38 мектебі; Павлодар қаласының оқушыларды кәсіби даярлау орталығы; Ақсу қаласының № 6 орта мектебі; Ақсу қаласының Қалқаман орта мектебі; Ақсу қаласының Сольветка негізгі мектебі; Ақсу қаласы Спутник станциясының негізгі мектебі; Качиры ауданының Ивановка орта мектебі.