О внесении дополнения и изменения в решение акима области от 19 января 1999 года № 15 Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.06.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс әкімінің 1999 жылғы 19 қаңтардағы № 15 шешіміне толықтыру және өзгерту енгізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Әділет департаментінің 2004 жылғы 20 қыркүйектегі жергілікті мемлекеттік басқару орындарының нормативті құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеуден бас тарту туралы қорытындысымен. Әкімшіл-мекемелердің тізбесіне өзгертулер енгізу қажеттілігіне байланысты ШЕШІМ қабылдаймын: Облыс әкімінің 1999 жылғы 19 қаңтардың № 15 «Жергілікті бюджеттерден қаржыландыралатын бағдарламаларды басқаратын әкімшіл-мекемелердің мәселелері туралы» шешіміне төмендегідей толықтыру мен өзгерту енгізілсін: Шешімге мына мазмұндағы 5-тармақ қосылсын: «5. Облыс қалалары мен аудандарының әкімдеріне: жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын, сондай-ақ заң қағидаттарына сәйкес мемлекеттік мекемелер болып қайта тіркелуге жататын бағдарламалар мен кіші бағдарламалардың тізбесіне; жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын республикалық бағдарламаларды орындайтын, сондай-ақ заң қағидаттарына сәйкес мемлекеттік мекемелер болып қайта тіркелуге жататын мекемелердің тізбесіне; жергілікті бағдарламаларды орындайтын, жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын, сондай-ақ заң қағидаттарына сәйкес мемлекеттік мекемелер болып қайта тіркелуге жататын мекемелердің тізбесін бекіту және оларға өзгертулер мен толықтырулар енгізу құқығы берілсін. Алғашқы шешімнің 5-тармағы 6-тармақ болып саналсын.