О внесении дополнения в решение акима области от 19 января 1999 года № 15 Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.12.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс әкімінің 1999 жылғы 19 қаңтардағы № 15 шешіміне толықтырулар енгізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Әділет департаментінің 2004 жылғы 20 қыркүйектегі жергілікті мемлекеттік басқару органдарының нормативті құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеуден бас тарту туралы қорытындысымен. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 желтоқсандағы «Мемлекеттік бюджеттерден қаржыландырылатын бағдарламаларды басқаратын әкімшіл-мекемелердің мәселелері» № 1335 қаулысына сәйкес және бағдарламаларды басқаратын әкімшіл-мекемелердің тізбесіне толықтырулар енгізу қажеттілігіне байланысты ШЕШІМ қабылдаймын: Облыс әкімінің 1999 жылғы 19 қаңтардағы «Жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын бағдарламаларды басқаратын әкімшіл-мекемелердің мәселелері туралы» № 15 шешіміне мынадай толықтырулар енгізілсін: Аталған шешіммен бекітілген 2-қосымшадағы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын республикалық бағдарламаларды орындайтын және мемлекеттік мекемелер болып қайта құрылуға жататын мекемелердің тізбесіне Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігінің кәсіптік даярлау училищесі енгізілсін. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары-экономика департаментінің бастығы М.Н. Оспановқа жүктелсін.