О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 декабря 1999 года № 1930 Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.05.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 желтоқсандағы № 1930 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Жерасты және ашық кен жұмыстарындағы, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстардағы өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің № 1 Тізімін және Еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстардағы өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің № 2 Тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 желтоқсандағы № 1930 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген жерасты және ашық кен жұмыстарындағы, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстардағы өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің № 1 Тізімінде: I, II, III, IV, V, VI, VII, VIII, IX, X, XI, XII, XIII, XIV, XV, XVI, XVII, XVIII, XIX, XX, XXI, XXII, XXIII, XXIV цифрлары 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24 цифрларымен ауыстырылсын; I. Тау-кен жұмыстары тарауында: 1-тармақта: г) тармақшасында: мынадай мазмұндағы жиырыма алтыншы, жиырма жетінші абзацтармен толықтырылсын: «Кен шахталары мен кеніштердің нормалаушы инженерлері Учаскелік кен нормалаушы инженерлері»; мынадай мазмұндағы қырық үшінші абзацпен толықтырылсын: «Учаскелік кен нормалаушы техниктер»; д) тармақшасында: мынадай мазмұндағы жетінші, сегізінші абзацтармен толықтырылсын: «Кен шахталары мен кеніштердің нормалаушы инженерлері Учаскелік кен нормалаушы инженерлері»; мынадай мазмұндағы он үшінші абзацпен толықтырылсын: «Учаскелік кен нормалаушы техниктер»; XXIII. Жалпы кәсіптер тарауында: мынадай мазмұндағы бірінші абзацпен толықтырылсын: «№ 1 Тізімде көзделген жұмысшыларды басқаратын және осы жұмысшылар үшін белгіленген жұмыстардың барлығын толық атқаратын бригадирлер»; мынадай мазмұндағы екінші, үшінші абзацтармен толықтырылсын: «№ 1 Тізімде көрсетілген өндірістердің барлық қызметкерлері, егер өндірістер кәсіптер мен лауазымдары санамаланбай көрсетілген болса Кәсібінің атауына қарамастан, № 1 Тізімде көзделген белгілі бір жұмыстарды атқаратын барлық жұмысшылар»; мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын: «Өндірістің технологиялық процесімен немесе жабдықты жөндеумен және қызмет көрсетумен айналысатын басшылардың орынбасарлары»; мынадай мазмұндағы он бірінші абзацпен толықтырылсын: «№ 1 Тізімде көрсетілген шеберлердің көмекшілері»; мынадай мазмұндағы он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы және жиырмасыншы абзацтармен толықтырылсын: «Дайындау, қосымша, ағымдағы жөндеу жұмыстарын, сондай-ақ өзінің еңбек функцияларының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында өзінің жұмыс орнынан тыс жерде жұмыс атқаратын жұмыскерлер № 1 Тізімде көзделген жұмыстарды орындаумен толық жұмыс күні ішінде, яғни жұмыс уақытының кемінде 80 пайызында айналысатын жұмыскерлер Мамандандырылған кәсіпорындардың, ұйымдардың, цехтардың, учаскелер мен басқа да құрылымдық бөлімшелердің (жөндеу, жөндеу-құрылыс, монтаждау және басқа) № 1 Тізімде көзделген өндірістік цехтарда, бөлімшелер мен учаскелерде, жұмыстарда, кәсіптер мен лауазымдарда тікелей, толық жұмыс күні істейтін жұмыскерлері Барлық атаудағы жұмысшылар, оның ішінде бас, аға жұмысшылар, олардың көмекшілері, егер № 1 Тізімге жұмысшылардың кәсіптері жалпы атаумен енгізілген болса Өнімдері өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпыодақтық сыныптауышына сәйкес мынадай: бейорганикалық химия, органикалық синтез, мұнай-химия, резина-техникалық және асбест өнімі; тыңайтқыштар; полимерлер; пластикалық массалар; каучуктер; лак-бояу материалдары; фототехникалық тұрмыстық химия; синтетикалық бояғыштар; химиялық реактивтер мен жоғары тазалау заттары бөлімдеріне жататын «VIII. Химиялық өндіріс» тарауының өндірістерінде істейтін жұмыскерлер»; көрсетілген қаулымен бекітілген еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстардағы өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің № 2 Тізімінде: 8. Металлургиялық өндіріс (түсті металдар) тарауында: 9-тармақ мынадай мазмұндағы жиырма сегізінші абзацпен толықтырылсын: «Аппаратураны тазалаумен айналысатын тазалаушылар»; 33. Жалпы мамандықтар тарауында: мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын: «№ 2 Тізімде көзделген жұмысшыларды басқаратын және осы жұмысшылар үшін белгіленген жұмыстардың барлығын толық атқаратын бригадирлер»; мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы абзацтармен толықтырылсын: «№ 2 Тізімде көрсетілген өндірістердің барлық қызметкерлері, егер өндірістер кәсіптер мен лауазымдары санамаланбай көрсетілген болса Кәсібінің атауына қарамастан, № 2 Тізімде көзделген белгілі бір жұмыстарды атқаратын барлық жұмысшылар»; мынадай мазмұндағы он үшінші абзацпен толықтырылсын: «Өндірістің технологиялық процесімен немесе жабдықты жөндеумен және қызмет көрсетумен айналысатын басшылардың орынбасарлары»; мынадай мазмұндағы жиырма тоғызыншы абзацпен толықтырылсын: «№ 2 Тізімде көрсетілген шеберлердің көмекшілері»; мынадай мазмұндағы қырқыншы, қырық бірінші, қырық екінші, қырық үшінші және қырық төртінші абзацтармен толықтырылсын: «Дайындау, қосымша, ағымдағы жөндеу жұмыстарын, сондай-ақ өзінің еңбек функцияларының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында өзінің жұмыс орнынан тыс жерде жұмыс атқаратын жұмыскерлер № 2 Тізімде көзделген жұмыстарды орындаумен толық жұмыс күні ішінде, яғни жұмыс уақытының кемінде 80 пайызында айналысатын жұмыскерлер Мамандандырылған кәсіпорындардың, ұйымдардың, цехтардың, учаскелер мен басқа да құрылымдық бөлімшелердің (жөндеу, жөндеу-құрылыс, монтаждау және басқа) № 2 Тізімде көзделген өндірістік цехтарда, бөлімшелер мен учаскелерде, жұмыстарда, кәсіптер мен лауазымдарда тікелей, толық жұмыс күні істейтін жұмыскерлері Барлық атаудағы жұмысшылар, оның ішінде бас, аға жұмысшылар, олардың көмекшілері, егер № 2 Тізімге жұмысшылардың кәсіптері жалпы атаумен енгізілген болса Өнімдері өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпыодақтық сыныптауышына сәйкес мынадай: бейорганикалық химия, органикалық синтез, мұнай-химия, резина-техникалық және асбест өнімі; тыңайтқыштар; полимерлер; пластикалық массалар; каучуктер; лак-бояу материалдары; фототехникалық тұрмыстық химия; синтетикалық бояғыштар; химиялық реактивтер мен жоғары тазалау заттары бөлімдеріне жататын «10. Химиялық өндіріс» тарауының өндірістерінде істейтін жұмыскерлер.».
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.