О внесении дополнений и изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 апреля 1999 года № 431 Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.08.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 сәуірдегі N 431 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының Yкіметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн акциздiк алым таңбаларымен таңбалау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 19 сәуiрдегі N 431 P990431_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., N 13, 130-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерiс енгiзiлсiн:
Тармақша 1
1) 3-тармақта: 2) тармақша "акцизделетiн тауарларды" деген сөздердiң алдынан "отандық өндiрiстегi" деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын: "3) импорттық өндiрiстiң акцизделетiн тауарларын сақтау мен сатуды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға - 1999 жылдың 15 желтоқсанынан бастап жүзеге асырылады деп белгiленсiн.";
Тармақша 2
2) 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "8. Голографиялық жолағы бар акциздiк алым таңбаларымен таңбалауға жататын алкоголь өнiмдерiн өндiрушiлер мен импорттаушылар 1 және 2-қосымшаларға сәйкес тiзбе бойынша алкоголь өнiмдерiн түгендеудi: 1) өндiрушiлер - 1999 жылғы 1 шiлдеге; 2) импорттаушылар және/немесе импорттық өндiрiстiң алкоголь өнiмiн сақтауды және сатуды жүзеге асыратын тұлғалар 1999 жылғы 15 қазанға жүргізсiн."
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялауға жатады.