О внесении изменений в решение акима Костанайской области от 19 сентября 2000 года № 177 «Об утверждении правил предоставления в аренду государственного коммунального имущества» Күшін жойған
Басқа 0
Қостанай облысы 2000 жылғы 19 қыркүйектегі № 177-ші «Мемлекеттік коммуналдык мүлікті жалға беру тәртібі туралы Ережені бекіту жөнінде» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 14.01.2005 № 1 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 27 бабына сәйкес облыстық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қостанай облысы әкімінің 19.09.2000 жылғы № 177-шешімімен бекітілген Мемлекеттік коммуналдық мүлікті жалға беру ережесінің мәтініне мынадай өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) 1-тармақта «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің 1998 жылгы 20 қазандағы № 613 (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1998 жылғы 8 желтоқсандағы № 651 тіркелген) қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік тұрғын үйге жатпайтын үйлер қорының объектілерін жалға беру Ережелері» негізгі жағдайларын ескере отырып әзірленген» деген сөз «Қазақстан Республикасының басқа да нормативті құқылы актілермен» деген сөзбен ауыстырылсын.
Тармақша 2
2) 2-тармақта «Қостанай облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі өкілетті органмен келісім бойынша» деген сөз алынып тасталсын.
Тармақша 3
3) 15-тармаққа мынадай мазмұндағы «мемлекеттік коммуналдық мүлікті жалға алуға бұрынғы жасаған келісім-шарттары бойынша өз міндеттемелерін адал орындамауы» деген 7-тармақша қосылсын.
Тармақша 4
4) 15-тармаққа мынадай мазмүндағы «мемлекеттік коммуналдық мүлікті жалға келісім-шарттарын жасау және орындау бойынша тиісті міндеттемелерін орындамаған бұрынғы конкурстардың жеңімпаздары» деген 8-тармақша қосылсын.
Тармақша 5
5) 18-тармақ мынадай азат жолмен «Жалға алу нысанына жалғыз ғана үміткер болған жағдайда, онымен конкурс откізілмей-ақ базалық молшерлеме бойынша жалға алу келісім-шарты жасалады» деп толықтырылсын.
Тармақша 6
6) 19-тармақ мынадай екінші азат жолмен «Шағын кәсіпкерлік субьектісі болып табылатын қонкурс жеңімпазына (бір нысанға бірнеше үміткер болған кезде) аукционда оларға ұсынылғаннан 10 пайызға төмен мөлшерлеме бойынша келісім-шарт жасалуға кұқылы» деп толықтырылсын.
Тармақша 7
7) 23-тармақта «мемлекеттік емес ұйымдарға» деген сөз алынып тасталсын.
Тармақша 8
8) 25-тармақ мынадай редакцияда берілсін: «Мемлекеттік мүлік конкурссыз базалық мөлшерлеме бойынша мемлекеттік мекемелерге жалға беріледі».
Тармақша 9
9) 26-тармақта «мемлекеттік үйымға» деген сөз «мемлекеттік мекемелерге» деген сөзбен ауыстырылсын.