О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 марта 2001 года N 369А Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 наурыздағы N 369A қаулысына толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Жоспардан тыс салықтық және бюджетке төленетiн өзге де мiндеттi төлемдерi Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына есепке алынатын шикізат секторы ұйымдарының тiзбелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 наурыздағы N 369A қаулысына мынадай толықтырулар енгізiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген жоспардан тыс табыс салығы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударылатын шикiзат секторы ұйымдарының тiзбесiнде:
тақырыбында "жоспардан тыс" деген сөзден кейiн "корпоративтік" деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 134, 14-жолдармен толықтырылсын:
"134 "БП Қазақстан Лимитед" компаниясы;
14 "Статойл Қазақстан А.С." компаниясы".
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2002 жылғы 1 тамыздан бастап күшiне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі