О внесении изменений и дополнений в решение Костанайского областного маслихата от 19 декабря 2002 года № 20 «Об областном бюджете Костанайской области на 2004 год», номер государственной регистрации 2644 Қолданыста
Басқа 0
Қостанай облыстық мәслихатының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 20 «Қостанай облысының 2004 жылға арналған облыстық бюджетi туралы» шешiмiне өзгерiстер және толықтырулар енгiзу туралы, мемлекеттiк тiркеу нөмiрi 2644
Қостанай облысы әкiмиятының қаулысын қарай отырып, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТI:
Тармақ 1
1. Қостанай облыстық мәслихатының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 20 «Қостанай облысының 2004 жылға арналған облыстық бюджетi туралы» шешiмiне өзгерiстер және толықтырулар енгiзiлсiн (мемлекеттiк тiркеу нөмiрi 2644, 2004 жылғы 7 қаңтардағы № 2 «Қостанай Таңы»):
Көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2004 жылға арналған облыстық бюджет келесі көлемде 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін:
1) түсiмдер бойынша - 17 236 207 мың теңге, оның iшiнде:
кiрiстер бойынша - 529 628 мың теңге;
алынған ресми трансферттер - 15 055 927 мың теңге, оның iшiнде республикалық бюджеттен алынған трансферттер - 8 884 864 мың теңге;
несиелердi қайтаруға - 1 650 652 мың теңге;
2) шығыстар - 16 736 207 мың теңге, оның iшiнде:
шығындар бойынша - 15 614 207 мың теңге;
несиелер бойынша - 1 122 000 мың теңге;
3) облыстың жергiлiктi атқарушы органының қарызын өтеуге жiберiлген профицит - 500 000 мың теңге».
Көрсетiлген шешімнің 5-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«5. Облыстық бюджетке аудандар мен қалалар 2004 жылға арналған бюджеттерiнен алынатын бюджеттiк алымдардың көлемi 5 161 062 мың теңге сомасында белгіленсін, оның ішінде: Жітіқара - 571 мың теңге; Қостанай қаласы - 2 577 803 мың теңге; Лисаков қаласы - 390 191 мың теңге; Рудный қаласы - 2 192 497 мың теңге».
Көрсетiлген шешімнің 6-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«6. 2004 жылға арналған аудандар мен қалалар бюджеттерiне берiлетiн субвенциялардың көлемi 3 008 223 мың теңге сомасында белгiленсiн, оның ішінде: Алтынсарин - 95 800 мың теңге; Амангелді - 258 322 мың теңге; Әулиекөл - 232 442; Денисовка - 102 122 мың теңге; Жангелдин - 283 827 мың теңге; Қамысты - 114 640 мың теңге; Қарабалық - 77 752 мың теңге; Қарасу - 199 507 мың теңге; Қостанай - 100 533 мың теңге; Меңдіқара - 164 163 мың теңге; Науырзым - 268 364 мың теңге; Сарыкөл - 124 375 мың теңге; Таран - 96 066 мың теңге; Ұзынкөл - 177 159 мың теңге; Федоров - 142 171 мың теңге; Арқалық қаласына - 570 980 мың теңге».
Көрсетiлген шешімнің 9-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«9. 2004 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджетке Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi негiзiнде бөлiнетiн мақсатты трансферттер қарастырылғаны еске алынсын:
мемлекеттiк бiлiм ұйымдарының үлгi штаттарын сақтауды қамтамасыз ету үшiн 190 530 мың теңге сомасында;
қайта енгiзiлген бiлiм объектiлерiн сақтау үшiн 9 981 мың теңге сомасында;
«Қазақстан темiр жолы» Ұлттық компаниясы» жабық акционерлiк қоғамының балансынан берiлген жалпы бiлiм беру оқу орнының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету үшiн 49 017 мың теңге сомасында;
шағын қалаларды дамыту үшiн 30 000 мың теңге сомасында, оның iшiнде экономикасы тоқырауға ұшыраған;
орта кәсiптiк бiлiм орындарында жергiлiктi атқарушы органдарының мемлекеттiк тапсырысы бойынша оқитын студенттердiң стипендиясының көлемiн көбейту үшiн 13 088 мың теңге сомасында;
патронатты тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырау үшiн берiлетiн қаражатты төлеу үшiн 32 506 мың теңге сомасында;
жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мамандандырылған бiлiм мекемелерiнде оқитын мүгедек балаларды сурдо- және тифлоқұралдармен қамтамасыз ету үшiн 7 297 мың теңге сомасында;
учаскелiк полиция инспекторларын қаржылай жабдықталымын және материалдық-техникалық жабдықталуын көбейту үшiн.
Көрсетiлген трансферттердiң аудандар мен қалалардың бюджеттерiне бөлiнуi Қостанай облысы әкiмиятының қаулысының негiзiнде жүзеге асырылады».
10-1 тармағы келесі мазмұнмен толықтырылсын:
«10-1. 2004 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджетке Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi негiзiнде бөлiнетiн мақсатты инвестициялық трансферттер қарастырылғаны еске алынсын:
Қостанай облысының Қостанай ауданы Затобол кентінің «Водник» ықшам ауданында 680 орынға арналған қазақ тілінде оқыту орта мектебін салу үшін 100 000 мың теңге сомасында;
Қостанай облысының Қостанай қаласындағы 310 орындық облыстық балалар ауруханасын қайта жаңартуға 150 000 мың теңге сомасында».
11-1 тармағы келесі мазмұнмен толықтырылсын:
«11-1. 2004 жылға арналған облыстық бюджетте қаралсын:
республикалық бюджеттен нөлдік сыйақымен 1 000 000 мың теңге сомасы көлемінде несиенің түсуі;
ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне берілген несиені қайтару - 1 072 000 мың теңге сомасы көлемінде;
«Ауылшаруашылық тауар өндiрушiлердi көктемгi дала және егiн жинау жұмыстарын өткiзу үшiн несиелеу» бағдарламасы бойынша 1 072 000 мың теңге сомасы көлемінде;
Қостанай облысының жергілікті атқарушы органының республикалық бюджет алдындағы 1 000 000 мың теңге сомасы көлеміндегі қарызын 2004 жылғы 1 желтоқсанға дейін өтеу;
Ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің көктемгі дала және егін жинау жұмыстары кезеңіне несиелеу бағдарламасы бойынша және несиені өтеу жөніндегі 2004 қаржы жылындағы шығыстары секвестрленуге жатпайтыны ескерілсін.
Ауыл шаруашылық тауар өндірушілерді көктемгі дала және егін жинау жұмыстары кезеңінде несиелеу Қостанай облысының әкімиятымен бекітілген Ережелерге сәйкес жүзеге асырылады».
Көрсетiлген шешімнің 14-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«14. 2004 жылға арналған облыстық бюджетте облыстың жергiлiктi атқарушы органының республикалық бюджет алдындағы берешегiн бұрын берілген бюджеттік несиені (ссуданы) өтеу үшін 500 000 мың теңге сомасы қаралсын».
Тармақ 2
2. Көрсетілген шешімнің 3-қосымшасы осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 3
3. Көрсетілген шешімнің 4-қосымшасы осы шешімнің 4-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 4
4. Осы шешім әділет департаментінде тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді .
Басқа 5. 2004 жылға арналған облыстық бюджеттi
дамытудың бюджеттiк бағдарламаларының тiзбесi
2003 жылғы 11 ақпандағы
Қостанай облыстық мәслихатының
үшiншi шақырылуының үшінші
сессиясының № 32 шешiмiне
3-қосымша
2004 жылға арналған облыстық бюджеттi
дамытудың бюджеттiк бағдарламаларының тiзбесi
Бернелiк топ
Кiшi берне
Әкiмшi
Бағдарлама
АТАУЫ
1
Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызмет көрсету
1
Мемлекеттiк басқарманың жалпы функцияларын орындайтын өкiлеттi, атқарушы және басқа органдар
105
Әкiм аппараты
002
Әкiм аппаратының ақпараттық жүйесiн жасау
3
Қоғамдық тәртiп және қауiпсiздiк
1
Құқық қорғау қызметi
251
Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын iшкi iстер атқарушы органы
004
Iшкi iстер органдары объектiлерiн дамыту
4
Б i л i м
4
Орта кәсiптiк бiлiм
254
Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтау атқарушы органы
002
Жергiлiктi деңгейде орта кәсiптiк бiлiмi бар мамандарды дайындау
263
Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын бiлiм, мәдениет, спорт және туризм атқарушы органдары
012
Жергiлiктi деңгейде орта кәсiптiк бiлiмi бар мамандарды дайындау
9
Білім саласындағы басқа да қызметтер
263
Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын бiлiм, мәдениет, спорт және туризм атқарушы органдары
016
Білім объектілерін жетілдіру
5
Денсаулық сақтау
9
Денсаулық сақтау саласындағы басқа да қызметтер
254
Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтаудың атқарушы органы
017
Денсаулық сақтау объектілерін жетілдіру
018
Денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйесiн жасау
7
Тұрғын ү й - коммуналдық шаруашылық
3
Сумен қамту
274
Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын тұрғын үй шаруашылығы, жол шаруашылығы және көлiк атқарушы органдары
015
Сумен қамтамасыз ету жүйесiн дамыту
8
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік
2
Спорт және туризм
263
Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын бiлiм, мәдениет, спорт және туризм атқарушы органдары
028
Спорт объектілерін жетілдіру
9
Жылу-энергетикалық кешен және жер қойнауын пайдалану
9
Жылу-энергетикалық кешен және жер қойнауын пайдалану саласындағы басқа да қызметтер
274
Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын тұрғын үй шаруашылығы, жол шаруашылығы және көлiк атқарушы органдары
022
Жылу энергетика жүйесiн дамыту
10
Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау
1
Ауыл шаруашылығы
257
Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын ауыл шаруашылығы, орман және жануарлар әлемiн қорғау атқарушы органдары
010
Ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілерін көктемгі дала және егін жинау жұмыстары кезеңіне несиелеу
9
Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқа да қызметтер
257
Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын ауыл шаруашылығы, орман және жануарлар әлемiн қорғау атқарушы органдары
002
Ауыл шаруашылығының ақпараттық-маркентигтiк жүйесiн дамыту
016
Ауыл шаруашылығы объектiлерiн жетілдіру
13
Басқалар
9
Басқалар
273
Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын инфрақұрылым және құрылыс атқарушы органы
002
Коммуналдық меншiк объектiлерiн дамыту
Басқа 6. 2004 жылға арналған облыстық бюджеттi
орындау процесiнде секвестрлеуге жатпайтын
бюджеттiк бағдарламаларының тiзбесi
2003 жылғы 11 ақпандағы
Қостанай облыстық мәслихатының
үшiншi шақырылуының үшінші
сессиясының № 32 шешiмiне
4-қосымша
2004 жылға арналған облыстық бюджеттi
орындау процесiнде секвестрлеуге жатпайтын
бюджеттiк бағдарламаларының тiзбесi
Бернелiк топ
Кiшi берне
Әкiмшi
Бағдарлама
АТАУЫ
4
Б i л i м
2
Жалпы бастауыш, негiзгi жалпы, және орта жалпы бiлiм беру
263
Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын бiлiм беру, мәдениет, спорт және туризм атқарушы органдары
004
Жергiлiктi деңгейде жалпы бiлiм беру
5
Денсаулық сақтау
4
Емханалар
254
Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтаудың атқарушы органы
009
Алғашқы дәрiгерлiк-санитарлық көмек көрсету
6
Әлеуметтiк қамтамасыз ету және әлеуметтiк көмек
1
Әлеуметтiк қамтамасыз ету
258
Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау атқарушы органдары
008
Арнайы мемлекеттiк жәрдемақылар
10
Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау
1
Ауыл шаруашылығы
257
Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын ауыл шаруашылығы, орман және жануарлар әлемiн қорғау атқарушы органдары
010
Ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілерін көктемгі дала және егін жинау жұмыстары кезеңіне несиелеу
16
Қаржыландыру
1
Негізгі қарызды өтеу
260
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын қаржы атқарушы органы
006
Жергілікті атқарушы органының қарызын өтеу