О внесении дополнений в решение областного маслихата от 19 декабря 2002 года № С-22-5 «Об утверждении Программы управления и приватизации коммунальной собственности по Акмолинской области на 2003-2005 годы», зарегистрированного в управлении юстиции № 1547 Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.03.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әділет басқармасында 1547 нөмірмен тіркелген облыстық мәслихаттың 2002 жылғы 19 желтоқсандағы № С-22-5 «Ақмола облысының 2003-2005 жылдарға арналған коммуналдық меншікті басқару мен жекешелендіру Бағдарламасын бекіту» туралы шешіміне толықтыру енгізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облыстық мәслихатының 16.03.2006 № 3С-18-5 шешімімен. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабындағы 1 тармағына сәйкес, облыс әкімдігінің 2003 жылғы 24 ақпанындағы № а-2/56 қаулысы негізінде және облыс әкімдігінің 2003 жылғы № 1-35-16/325 ұсынысымен облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. 2003 жылы жекешелендіруге жататын коммуналдық меншік нысандарының ұсынылған қосымша тізбесі бекітіліп, облыстық мәслихаттың 2002 жылғы 19 желтоқсандағы № С-22-5 «Ақмола облысы бойынша коммуналдық меншікті жекешелендіру мен басқарудың 2003-2005 жылдарға арналған Бағдарламасын бекіту туралы», Ақмола облысының әділет басқармасында 2003 жылғы 6 ақпанда 1547-інші нөмірмен тіркелген шешіміне толықтыру енгізілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім Ақмола облысының әділет басқармасында тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Басқа 3
Облыстық мәслихаттың 2003 жылғы 20 наурыздағы № С-25-7 шешіміне қосымша Облыстық мәслихаттың 2003 жылғы 20 наурыздағы № С-25-7 шешімімен БЕКІТІЛГЕН 2003 жылы жекешелендіруге жататын коммуналдық меншік нысандарының қосымша тізбесі № р/р Нысанның атауы Мекен-жайы Баланс ұстаушы 1. «Көкшетехнопарк» (мүліктік кешен) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Көкшетау қаласы, Әуезов көшесі, 189 а үй Көкшетахнопарк МКК 2. № 1, № 2 ғимараттар Көкшетау қаласы, Капцевич көшесі, 236 үй «Теплотранзит» МКК