О внесении дополнений в решение областного маслихата от 19 декабря 2002 года № С-22-5 «Об утверждении Программы управления и приватизации коммунальной собственности по Акмолинской области на 2003-2005 годы», зарегистрированного в управлении юстиции № 1547 Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.06.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әділет басқармасында 1547 нөмірмен тіркелген облыстық мәслихаттың 2002 жылғы 19 желтоқсандағы № С-22-5 «Ақмола облысының 2003-2005 жылдарға арналған коммуналдық меншікті басқару мен жекешелендіру Бағдарламасын бекіту» туралы шешіміне толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабындағы 1 тармағына сәйкес, облыс әкімдігінің 2003 жылғы 20 маусымдағы № 1-18-7/836, 2003 жылғы 20 маусымдағы № 1-18-7-835 ұсыныстары негізінде облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. 2003 жылы жекешелендіруге жататын коммуналдық меншік нысандарының ұсынылған қосымша тізбесі бекітіліп, облыстық мәслихаттың 2002 жылғы 19 желтоқсандағы № С-22-5 «Ақмола облысы бойынша коммуналдық меншікті жекешелендіру мен басқарудың 2003-2005 жылдарға арналған Бағдарламасын бекіту туралы», Ақмола облысының әділет басқармасында 2003 жылғы 6 ақпанда 1547-інші нөмірмен тіркелген, 2003 жылғы 29 наурызда № С-25-7, 2003 жылғы 29 сәуірде № С-26-5 шешімдермен толықтыру енгізілген шешіміне толықтыру енгізілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім Ақмола облысының әділет басқармасында тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Басқа 3
Облыстық мәслихаттың 2003 жылғы 27.06. № С-28-7 шешіміне қосымша 2003 - 2005 жылдары жекешелендіруге жататын коммуналдық меншік нысандарының тізбесі. № р/с Нысанның атауы Орналасқан жері Баланс ұстаушы 1. МТЗ-5 дөңгелекті трактор базасындағы экскаватор, мемлекеттік нөмірі 946 ТФВМ Аршалы ауданы Аршалы поселкелік әкімдігі 2. КВА дизельдік электростанциясы Аршалы ауданы Аршалы поселкелік әкімдігі 3. Балабақшаның құрылысы бітпеген ғимараты Ерейментау ауданы, Веренка селосы Ерейментау ауданының әкімдігі 4. Сегізжылдық мектептің құрылысы бітпеген ғимараты Ерейментау ауданы, Алғабас селосы Ерейментау ауданының әкімдігі 5. Монша-кір жуу комбинатының құрылысы бітпеген кешені Степногорск қаласы, 5 шағын аудан, № 50 ғимарат Степногорск қаласының әкімдігі 6 Бұрынғы коммуналдық шаруашылықтың қазандықтары Егіндікөл ауданы, Егіндікөл селосы Егіндікөл ауданының әкімдігі 7. «Альтаир» пәтер иелерінің кооперативі тапсырған мүліктер мен жабдықтар Бестөбе поселкесі, Степногорск қаласы. «Альтаир» пәтер иелерінің кооперативі 8. Бұрынғы баспахананың ғимараты Астрахан ауданы, Астраханка селосы Астрахан ауданының әкімдігі 9. Кір жуатын орынның бос тұрған ғимараты Ерейментау қаласы, Құнанбаев көшесі, 131 үй Жедел жәрдем станциясы 10. Ғимарат Көкшетау каласы, Құдайбердиев көшесі, 75 үй Облыстық наркологиялық диспансері 11. УАЗ-45 автокөлігі, мемлекеттік нөмірі С 019 АW Аршалы Аршалы аудандық ауруханасы 12. ВАЗ-2121 Нива автокөлігі, мемлекеттік нөмірі С 113 АR Астрахан ауданы Астрахан аудандық еңбек, жұмыспен қамтау және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі 13. Жай Көкшетау қаласы, Ақан- Сері көшесі,73 үй "Көзайнек" ЖШС