О внесении дополнения в решение областного маслихата от 19 декабря 2002 года № С-22-5 «Об утверждении Программы управления и приватизации коммунальной собственности по Акмолинской области на 2003-2005 годы», зарегистрированного в управлении юстиции № 1547 Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.02.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әділет басқармасында № 1547 тіркелген облыстық мәслихаттың 2002 жылғы 19 желтоқсандағы № С-22-5 «Ақмола облысы бойынша коммуналдық меншікті басқару мен жекешелендірудің 2003-2005 жылдарға арналған Бағдарламасын бекіту туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағына сәйкес, облыс әкімдігінің 2004 жылғы 9 ақпандағы № А-2/28 қаулысы және облыс әкімдігінің 2004 жылғы 16 ақпандағы № 2-36/250 ұсынысы негіздерінде облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. 2003 жылы жекешелендіруге жататын коммуналдық меншік нысандарының қосымша тізбесі (Қосымша) бекітілсін және облыстық мәслихаттың 2002 жылғы 19 желтоқсандағы № С-22-5 «Ақмола облысы бойынша коммуналдық меншікті жекешелендіру мен басқарудың 2003-2005 жылдарға арналған Бағдарламасын бекіту туралы», Ақмола облысының әділет басқармасында 2003 жылғы 6 ақпанда № 1547 тіркелген, келесі: 2003 жылғы 2 сәуірде № 1648 тіркелген 2003 жылғы 20 наурыздағы № С-25-7 шешімімен; 2003 жылғы 14 мамырда № 1781 тіркелген 2003 жылғы 29 сәуірдегі № С-26-5 шешімімен; 2003 жылғы 8 шілдеде № 1914 тіркелген 2003 жылғы 27 маусымдағы № С-28-7 шешімімен; 2003 жылғы 4 қарашада № 2083 тіркелген 2003 жылғы 22 қазандағы № ЗС-1-12 шешімімен; 2004 жылғы 10 ақпанда № 2283 тіркелген 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № ЗС-3-8 шешімімен енгізілген шешіміне келесі толықтыру енгізілсін: Ақмола облысы бойынша коммуналдық меншікті басқару мен жекешелендірудің 2003-2005 жылдарға арналған Бағдарламасының 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім Ақмола облысының әділет Департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Басқа 3
Облыстық мәслихаттың 2004 жылғы 23 ақпандағы № ЗС-4-8 «Ақмола облысы бойынша коммуналдық меншікті жекешелендіру мен басқарудың 2003-2005 жылдарға арналған Бағдарламасына толықтыру енгізу туралы» шешіміне Қосымша Облыстық мәслихаттың 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № С-22-5 шешімімен бекітілген, Ақмола облысы бойынша коммуналдық меншікті басқару мен жекешелендірудің 2003-2004 жылдарға арналған Бағдарламасының 1 қосымшасына толықтыру 2003-2005 жылдардағы жекешелендіруге жататын коммуналдық меншік нысандарының қосымша тізбесі Рет саны Нысанның атауы Орналасқан орны Баланс ұстаушы 1. Бос тұрған ғимарат Есіл қаласы, Әуезов көшесі, 5 Есіл ауданы әкімінің аппараты 2. Бос тұрған ғимарат Степногорск қаласы, 2 мөлтек ауданы, 31 ғимарат «Степногорск қаласы әкімі аппаратының жанындағы сәулет, құрылыс, тұрғын үй- коммуналдық және жол шаруашылығы бөлімі» ММ 3. № 1 жылу пункті Щучье қаласы, Циолковский көшесі, 1 «Қалалық коммуналдық шаруашылық» МКК Щучье қаласы 4. № 2 жылу пункті Щучье қаласы, Циолковский көшесі, 9 «Қалалық коммуналдық шаруашылық» МКК Щучье қаласы 5. № 3 жылу пункті Щучье қаласы, Циолковский көшесі, 38 «Қалалық коммуналдық шаруашылық» МКК Щучье каласы 6. № 5 жылу пункті Щучье қаласы, Морозов көшесі, 16 «Қалалық коммуналдық шаруашылық» МКК Щучье қаласы 7. № 6 жылу пункті Щучье қаласы, Вокзальная көшесі, 6 «Қалалық коммуналдық шаруашылық» МКК Щучье қаласы 8. 96 пәтерлі тұрғын үйдің аяқталмаған құрылысы Көкшетау каласы, элеватор ауданы, Нефтебазовская, 1 көшесі маңында «Қалалық шаруашылық департаменті» МКК Көкшетау қаласы 9. 36 пәтерлі тұрғын үйдің аяқталмаған құрылысы Көкшетау қаласы, Әуезов көшесі «РК-2» МКК Көкшетау қаласы 10. 72 пәтерлі тұрғын үйдің аяқталмаған құрылысы Көкшетау қаласы, «Юбилейный» спорткешенінен оңтүстікке карай, Горький көшесі «РК-2» МКК Көкшетау қаласы 11. 108 пәтерлі тұрғын үйдің аяқталмаған құрылысы Көкшетау қаласы, Горький көшесі «Көкшетауоблқұрылыс» МКК Кекшетау каласы 12. 22 пәтерлі тұрғын үйдің аяқталмаған құрылысы Красныйяр селосы «Көкшетауоблқұрылыс» МКК Көкшетау қаласы 13. Жаңа арқа мұнай базасы терминалының мүліктік кешені Қарағанды облысы, Жаңа арка ауданы, Атасу поселкесі, Жаңа арқа стансасы, МКК «Ақмола астық комитеті»