О внесении дополнения в решение Астраханского районного маслихата от 19 июня 2002 года № 5 «Об утверждении Правила социальных выплат отдельным категориям граждан» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.03.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Астрахан аудандық мәслихатының 2002 жылғы 19 маусымдағы № 5 «Жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлем көрсету Ережелерін бекіту туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына және аудан әкімінің 2007 жылғы 15 наурыздағы № 230 хатына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Астрахан аудандық мәслихатының 2002 жылғы 19 маусымдағы «Жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлем көрсету Ережелерін бекіту туралы» (Ақмола облысының әділет басқармасында 2002 жылғы 1 шілдеде 1187 нөмірмен тіркелген, № 5 шешіміне енгізілген өзгерістермен қоса: 2003 жылғы 2 сәуірдегі «Жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету Ережелеріне өзгерістер енгізу туралы» , Ақмола облысының әділет басқармасында 2003 жылғы 28 сәуірде 1751 нөмірмен тіркелген, № 9 шешімі; 2005 жылғы 21 сәуірдегі «Жеке санаттағы азаматтарға көрсетілетін төлем Ережелерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Астрахан ауданының әділет Басқармасында 2005 жылғы 25 сәуірде 1-6-3 нөмірмен тіркелген) № С-19-2 шешіміне келесі толықтыру енгізілсін:
Тармақша 1
1) Ереженің 3 тармағы 7 тармақшамен келесі мазмұнда толықтырылсын: «өкпе ауруымен ауырған аурулар»
Тармақ 2
2. Осы шешім Астрахан ауданының әділет Басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін өз күшіне енеді және жергілікті «Маяк» газетінде жарияланған күннен бастап, әрекет етуге кіріседі. КЕЛІСІМ: Аудан әкімінің орынбасары В.Собеский