О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 19 сентября 2002 года № 947 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 қыркүйектегі N 947 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
"Президент пен Үкімет актілерінің
жинағында" жариялануға тиіс
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. "Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 қыркүйектегі N 947 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 30, 328-құжат; 2004 ж., N 47, 585-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған Жарлықпен бекітілген Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы ережеде:
15-тармақта:
2-1), 2-2) тармақшалар алып тасталсын;
6) тармақшада ", сондай-ақ материалдық немесе моральдық залалды өтеу шараларын қолдану туралы" деген сөздер алып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.