О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Карагандинской области от 19 мая 2003 года № 07/01 «Об утверждении условий договора о предоставлении бюджетных кредитов и правил проведения конкурса среди банков второго уровня» Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.06.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қарағанды облысы әкімиятының 2003 жылғы 19 мамырдағы «Бюджеттік кредиттер беру туралы келісімнің шарттарын және екінші деңгейдегі банктер арасында конкурс өткізу ережесін бекіту туралы» №07/01 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар еңгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі «Мемлекеттік бюджеит есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшін бюджеттің атқарылуы және есептік нысандарын жүргізу (мерзімдік және жылдық) жөніндегі қаржылық рәсімдердің ережесін бекіту туралы» №832, 2003 жылғы 14 тамыздағы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі №832 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар еңгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 желтоқсандағы №1745 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» №816 және 2004 жылғы 15 наурыздағы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі №832 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №320 қаулыларына сәйкес облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қарағанды облысы әкімиятының 2003 жылғы 19 мамырдағы «Бюджеттік кредиттер беру туралы келісімнің шарттарын және екінші деңгейдегі банктер арасында конкурс өткізу ережесін бекіту туралы» №07/01 қаулысына (мемлекеттік тіркеу нөмірі 1193, 2003 жылы 3 маусымда №65 (19841) «Индустриальная Караганда» және 2003 жылғы 3 маусымда №88 (19295) «Орталық Қазақстан» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) 1 қосымшада: «Облыстық бюджеттің бюджеттік бағдарламасы бойынша бір түпкі заемшыға берілетін кредит мерзімі және сомасы» бабының мазмұны «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге кредит беру» бағдарламасы бойынша мынадай редакцияда жазылсын: «қыска мерзімді кезең – 100 млн.теңгеге дейін; орта мерзімді кезең – 200 млн. теңгеге дейін; ұзақ мерзімді кезең – 300 млн.теңгеге дейін»; «Бюджеттік кредитті пайдаланғаны үшін сыйақы беру» бабының мазмұны барлық бағдарлама бойынша мынадай редакцияда жазылсын: «Заемшы – Бюджетке – Ұлттық валютадағы сыйақы ставкасы өтеуге дейін бюджет кредитінің мерзіміне тең мерзіммен қаржы министрлігі эмиссиялаған ұлттық валютадағы мемлекеттік орта мерзімді индекстелмейтін бағалы қағаздар бойынша бағалы қағаздардың ұйымдастырған қайталма рыногындағы операциялардың нәтижелері бойынша алдағы тоқсанда қалыптасқан кірістіліктің орта өлшемдік ставкасына сәйкес келетін тіркелген ставка. Түпкі қарыз алушы үшін сыйақы ставкасының мөлшері қарыз алушының бюджетке төлейтін сыйақы ставкасының 1,5 (бір бүтін оннан бес) есебінен аспауы тиіс». «Бюджетке арналған сыйақы ставкасы» бабының мазмұны барлық бағдарлама бойынша мынадай сөздермен толықтырылсын: «, бюджеттік кредит мерзіміне тең өтеу күніне дейін мерзімімен»; «операциялық кірістерді қоса алғандағы заемшының табысы» баптың атауы мынадай редакцияда жазылсын: «Заемшының табысы»; Баптың мазмұны «Заемшының табысы» барлық бағдарлама бойынша мынадай редакцияда жазылсын: «Түпкі қарыз алушыға және бюджетке төленетін заемшыға сыйақы беру ставкасына ставка беру». 2) 2 қосымшада: 13 тармақтың 1 тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) бюджеттік кредиттеуге байланысты түпкі заемшылар шығындарының ең аз деңгейі»; 19 тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Кредитті қайта құрылымдаған жағдайда кредит беруші және заемшы арасында қайта құрылымдау туралы шарт (келісім) жасасады»; Мынадай мазмұндағы 19-1 тармақпен толықтырылсын: «Бюджеттік кредиттің негізгі қарызын өтеу жөнінде жеңілдік мерзім бегілеген жағдайда оның ұзақтығы кредит мерзімінің ұзақтылығынан 1/3 (үштен бір бөлігінен) аспау керек».
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары И.У.Тоғайбаевқа жүктелсін.