О внесении изменения в нормативное постановление Верховного Суда Республики Казахстан от 19 декабря 2003 года № 11 "О практике вынесения частных постановлений по уголовным делам" Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.12.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Соттардың қылмыстық істер бойынша жеке қаулылар шығару тәжірибесі туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы N 11 нормативтік қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Соттардың қылмыстық істер бойынша жеке қаулылар шығару тәжірибесі туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы N 11 нормативтік қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін: 9-тармақтың бірінші абзацындағы "он" деген сөз "он бес" деген сөзбен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.