О внесении изменения в постановление акимата области от 19 июня 2003 года № 129/5 "Об обеспечении пожарной безопасности лесов, пойменных и степных территорий области" (НГР 1897 от 24 июня 2003 года) Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.11.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс әкiмдiгiнiң 2003 жылғы 19 маусымдағы «Облыс ормандары, жайылмалар мен дала аумақтарындағы өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету туралы» № 129/5 қаулысына (2003 жылғы 24 маусымдағы МТН 1897) өзгерiс енгiзу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттік басқару туралы" Заңына сәйкес, облыс ормандары, жайылмалар мен дала аумақтарындағы өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: облыс әкiмдiгiнiң 2003 жылғы 19 маусымдағы "Облыс ормандары, жайылмалар мен дала аумақтарындағы өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету туралы" № 129/5 қаулысына (2003 жылғы 24 маусымдағы МТН 1897) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекiтiлген үлкен ауқымды табиғи өрттердi сөндiрудi ұйымдастыру жөнiндегi облыстық жедел штабтың Ережесi жаңа редакцияда баяндалсын (қоса берiлiп отыр). Келiсiлген: Облыс бойынша төтенше жағдайлар жөнiндегi басқарманың бастығы С. Кәменов Облыс бойынша мемлекеттiк өртке қарсы басқарманың бастығы С. Адамжанов Облыс iшкi iстер басқармасының бастығы М. Тұмарбеков Облыстық аумақтық орман және аң шаруашылығы басқармасының бастығы Н. Руденко Павлодар облыстық автомобиль жолдары басқармасының бастығы Д. Ақанов
Басқа 1. Үлкен ауқымды табиғи өрттердi сөндiрудi ұйымдастыру жөнiндегi облыстық жедел штабтың Ережесi
Облыс әкiмдiгiнiң 2003 жылғы "19" қаңтар "Облыс әкiмдiгiнiң 2003 жылғы 19 маусымдағы «Облыс ормандары, жайылмалар мен дала аумақтарында өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету туралы» № 129/5 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы» № 13/1 қаулысымен бекiтiлген Үлкен ауқымды табиғи өрттердi сөндiрудi ұйымдастыру жөнiндегi облыстық жедел штабтың Ережесi
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Үлкен ауқымды табиғи өрттердi сөндiрудi ұйымдастыру жөнiндегi облыстық жедел штаб (бұдан әрi Жедел штаб) облыс әкiмдiгi жанында тұрақты қызмет жасайтын орган болып табылады және үлкен ауқымды табиғи өрттердi ескерту мен жою жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастырады, меншiк нысандары мен ведомстволық иелiгiне қарамастан, өрттiң көлемiне қарай ұйымдардың материалдық-техникалық ресурстарын жұмылдырады, Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес үлкен ауқымды табиғи өрттердi жоюда әр түрлi ведомстволардың iс-әрекеттерiн үйлестiрудi жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Жедел штаб өз қызметiнде табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту мен жою мәселесiнде қоғамдық қатынасты реттейтiн Қазақстан Республикасының нормативтiк-құқықтың актiлерiн, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою мәселесi жөнiндегi халықаралық келiсiмдi, облыс әкiмдiгi мен әкiмiнiң актiлерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады. Жедел штабтың нысаналы немесе жергiлiктi масштабтағы төтенше жағдайлар кезiнде қабылдаған, өз құзыретiне жататын шешiмдерiн олардың ведомстволық меншiгiне қарамастан, облыс аумағында орналасқан барлық ұйымдар мен мекемелер, кәсiпорындар орындауға мiндеттi болып табылады. Жедел штабтың қызметi осы штабтың аға жедел жұмыс жөнiндегi бастығы бекiтетiн жылдық жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырылады. Жедел штаб өз мәжiлiсiн жұмыс жоспарына сәйкес өткiзедi. Жедел штаб мәжiлiстерiнiң аралық кезеңдерiнде өзара iс-әрекет етушi орган облыстық төтенше жағдайлар жөнiндегi басқарма қызмет iстейдi (келiсім бойынша). Шешiмдi Жедел штабтың аға жедел жұмыс жөнiндегi бастығы (облыс әкiмiнiң орынбасары) немесе оның орынбасары (облыстық төтенше жағдайлар жөнiндегi басқарма) қабылдап, нұсқау және тапсырма түрiнде атқарушыларға жеткiзiледi. Жергiлiктi масштабтағы үлкен ауқымды табиғи өрт туындаған сәттен бастап Жедел штаб нақты күн тәртiбiн аға жедел жұмыс жөнiндегi бастық анықтайтын тәулiк бойғы жұмыс тәртiбiне көшедi. Жедел штабтың орналасатын жерi күш пен құралдарды тиiмдi пайдаланудың қажеттiлiгiне қарай анықталады.
Тармақ 3
3. Жедел штаб қалыптасқан жағдайға байланысты мынадай тәртiпте қызмет атқарады:
Тармақша 1
1) күнделiктi қызметте (күту тәртiбi);
Тармақша 2
2) жоғары деңгейдегi дайындықта;
Тармақша 3
3) төтенше дайындықта.
Тармақ 4
4. Төтенше дайындық күн тәртiбiне енгiзген кезде күштер мен құралдарды iске қосу үшiн қолданылатын нақты уақыт төмендегiдей белгiленедi:
Тармақша 1
1) шұғыл ықпал ету жасағы үшiн көп дегенде екi сағат;
Тармақша 2
2) өртке қарсы және дәрiгерлiк қызмет, қоғамдық тәртiптi қорғау қызметi үшiн көп дегенде төрт сағат;
Тармақша 3
3) барлық қалған қызметтер үшiн көп дегенде алты сағат.
Тармақ 5
5. Қызмет етудiң осы не басқадай тәртiбiн енгiзу туралы шешiмдi Жедел штабтың аға жедел жұмыс жөнiндегi бастығы енгiзедi.
Тармақ 6
6. Күнделiктi қызмет тәртiбiнде Жедел штаб және оның қарамағындағы күштер мен құралдар қалыпты тәртiпте жұмыс iстейдi және өзiнiң негiзгi қызметін атқарады.
Тармақ 7
7. Жоғары деңгейдегi дайындықтағы жедел штабтың барлық қызметi өз қарамағындағы үлкен ауқымды табиғи өртке жөнелту үшiн бағытталған күш пен құралдарды толық дайын болу жағдайына жеткiзедi, және өзiнiң негiзгi қызметiн орындай отыра бұдан әрi күнделiктi тәртiппен қызмет атқарады. Ауа-райын болжау орталығынан ұзақ құрғақшылық кезеңiнiң басталуы туралы хабар келген уақытта немесе басқа жағдайларда Жедел штабтың аға жедел жұмыс жөнiндегi бастығының өкiмi бойынша жоғары деңгейдегi дайындық тәртiбi енгiзiледi.
Тармақ 8
8. Төтенше дайындық тәртiбiнде Жедел штабтың барлық қызметi және оның қарамағындағы құралдар табиғи өрттердi жоюға жөнелту үшiн толық дайын күйге келтiрiледi және өзiнiң үнемi тұрған орнында немесе жедел штабтың өкiмiмен нұсқалған жерде орналасады. Төтенше дайындық тәртiбi табиғи өрттер туындаған жағдайда немесе Жедел штабтың аға жедел жұмыс жөнiндегi бастығының өкiмi бойынша енгiзiледi. Табиғи сипаттағы таралу масштабтары мен төтенше жағдайлар аумақтары келесi кестеде көрсетiлген: Табиғи сипат- тағы төтенше жағдай- лар Өрттердiң аумағы Жарақаттанған адамдар саны Тікелей және материал- дық шығынның мөлшерi (ең аз көрсет- кiшi, мың.теңге) Орман- ды, өзен аңғары,га Дала, га Астық дақылы, га Қайтыс болғандар немесе жаралылар Өмірлiк қызмет жағдайы- ның бұзылуы 1 2 3 4 5 6 7 Объектiлер бойынша 5-ке   дейiн 20-ға  дейiн 5-ке  дейiн 10-ға    дейiн 100-ден 300-ге    дейiн 5000-нан  кем Жергiлiктi 5-тен, 50-ге  дейiн 20-дан 200-ге  дейiн 5-тен 50-ге   дейiн 10-нан   50-ге  дейiн 300-ден 500-ге дейiн 5000-нан   500000-ға дейiн
Тармақ 9
9. Нысанды аймақтағы төтенше жағдайларды жоюға басшылық жасау (орман, жайылма 5 га-ға дейiн, жазық дала 20 га-ға дейiн, астық дақылы 5 га-ға дейiн) орман, жер, жайылма қорларын ұстаушыларға жүктеледi. Өрттердi жою үшiн жер, орман, жайылма қорларын ұстаушылардың күштерi мен құралдары қолданылады.
Тармақ 10
10. Объектiлiк ауқымнан асқан төтенше жағдайларды жоюға басшылық жасау (орман, жайылма 5-тен 50 га-ға дейiн, жазық дала 20-дан 200 га-ға дейiн, астық дақылы 5-тен 50 га-ға дейiн) облыстың аудандық, қалалық өрт сөндiрушi штабтарына жүктеледi. Мұндай өрттердi жою үшiн кәсiпорындар мен ұйымдардың, жер, орман, жайылма қорларын ұстаушылардың күштерi мен құралдары қолданылады.
Тармақ 11
11. Жергiлiктi ауқымнан асқан төтенше жағдайларды жоюға басшылық жасау (орман, жайылма 50 га-дан жоғары, жазық дала 20 га-дан жоғары, астық дақылы 50 га-дан жоғары) Жедел штабқа жүктеледi. Өрттердi жою үшiн жер, орман, жайылма қорын ұстаушылардың күштерi мен құралдары және сондай-ақ, облыстың қалаларында өрт сөндiрудiң жедел жоспары мен ауылдық аумақтарда үлкен табиғи өрттердi сөндiру үшiн күштер мен құралдар тарту жоспарына сай әр түрлi меншiк нысанындағы кәсiпорындардың күштерi мен құралдары қолданылады.
Тарау 2. 2. Жедел штабтың негiзгi функциялары
2. Жедел штабтың негiзгi функциялары
Тармақ 12
12. Барлық деңгейдегi жедел штабтарда үлкен ауқымды табиғи өрттердi жою жөнiнде тиiмдi шараларды және осыған тартылатын күштер мен құралдардың үнемi дайын болуын қамтамасыз ету.
Тармақ 13
13. Мемлекеттiк орман қорының аумағындағы, су жағасындағы, жазық даладағы орман өрттерiнiң алдын алу жөнiндегi жылдық iс-шаралар жоспарын әзiрлеуге және оның iске асырылуына бақылау жасауды ұйымдастыру.
Тармақ 14
14. Қалалық, аудандық штабтардың үлкен ауқымды табиғи өрттердi жоюға дайындығы жөнiндегi жұмыстарына бақылау жасауды жүзеге асыру.
Тармақ 15
15. Үлкен ауқымды табиғи өрттердiң туындауы мүмкiн аумақтарды анықтау жөнiндегi жұмыстарды, осы өрттердi жоюға қажеттi күштер мен құралдардың қажеттi санының шамалық есебiн өткiзудi ұйымдастыру және осы есептер негiзiнде тартылатын күштер мен құралдардың жоспарын жасау.
Тармақ 16
16. Үлкен ауқымды табиғи өрттердi сөндiру үшiн өртке қарсы қолданылатын техникалар, көлiктер мен басқа да құралдарды ұйымдастыру, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларды тарту тәртiбiн анықтау, өрт сөндiру жұмысына тартылатын жеке тұлғаларды көлiк, өрт сөндiру құралдарымен, азық-түлiк және медициналық көмекпен қамтамасыз ету.
Тармақ 17
17. Үлкен ауқымды табиғи өрттен сақтандыру мәселесiнде Жедел штабқа енбейтiн ұйымдар мен кәсiпорындардың жұмыстарын үйлестiру.
Тармақ 18
18. Жедел штабтың мәжiлiсiнде кәсiпорындар мен ұйымдардың жазғы өрт қауiптi кезеңге дайындалу барысын қарау және осы жұмыстың қорытындысы бойынша ұсынымдар жасау.
Тармақ 19
19. Шаруа қожалықтары мен басқа да ауылшаруашылық ұйымдардың орман қорына жақын орналасқан шабындықтар мен жайылымдардағы, ауылшаруашылық егiстiктердегi өсiмдiк қалдықтары мен басқа қалдықтарды, шөптер қалдықтарын өртеуiн бақылауды қамтамасыз ететiн тиiстi органдардың есептерiн тыңдау.
Тармақ 20
20. Үлкен ауқымды табиғи өрттердi жоюды ұйымдастыру.
Тармақ 21
21. Үлкен ауқымды табиғи өрт болған жерлерге күштерi мен құралдарын жiберетiн кәсiпорындар мен ұйымдардың тiзбесiн анықтау, сондай-ақ келтiрiлген есептерге қарай күштер мен құралдардың санын анықтау.
Тармақ 22
22. Жергiлiктi жағдайға сай медициналық қызмет көрсету, түнгi уақытта демалыс орындарымен, жанар-жағар маймен, азық-түлiкпен, күш-құралдармен қамтамасыз ету тәртiбiн анықтау. 23.Облыстың жергiлiктi атқарушы органының үлкен көлемдi табиғи өрттердi жою жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыруға қажеттi қордың көлемiн анықтау үшiн есептер жүргiзу.
Тармақ 24
24. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес үлкен ауқымды табиғи өрттi жою үшiн пайдаланылатын күш пен құралдардың жоспарына енбеген ұйымдар мен кәсiпорындардың материалдық-техникалық ресурстарын жұмылдыру (меншiк нысаны мен ведомстволық иелiгiне қарамастан).
Тармақ 25
25. Үлкен ауқымды табиғи өрттiң туындауы мүмкiн аумақта қызмет ететiн кәсіпорындардың қолданыстағы нормаларға сәйкес азық-түлiк, медициналық, материалдық-техникалық ресурстарын құруды ұйымдастыру.
Тармақ 26
26. Мемлекеттiк емес кәсiпорындардың үлкен ауқымды табиғи өрт кезiнде пайдаланылған күштерi мен құралдары үшiн ақы төлеу тәртiбi мен қаржыландыру көздерi анықтау.
Тармақ 27
27. Қажет болған жағдайда табиғи өрттiң көлемiне сәйкес жағдайды бағалау, жергiлiктi масштабтағы төтенше жағдайларды хабарлау жөнiндегi актiнiң жобасын облыс әкiмдiгiнiң қарауына ұсыну.
Тармақ 28
28. Үлкен ауқымды табиғи өрт фактiсi бойынша тексерулер мен сараптамалар жүргiзiлуiн ұйымдастыру.
Тармақ 29
29. Үлкен ауқымды табиғи өрттi жойғаннан кейiн қоршаған ортаны, азаматтар мен ұйымдардың шаруашылық iстерiн, қалпына келтiру жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастыру, көрсетiлген iс-шаралардың орындалуына бақылау жасауды жүзеге асыру.
Тарау 3. 3. Жедел штабтың негiзгi міндеттерi
3. Жедел штабтың негiзгi міндеттерi
Тармақ 30
30. Бағынысты және қатыстырылатын органдардың күштерi мен құралдарын жоспарға сәйкес дайындыққа келтiру.
Тармақ 31
31. Жағдайды бағалау, үлкен көлемдi табиғи өрттiң дамуын болжау, осындай өрттердi жою үшiн материалдық-техникалық ресурстарды, қажеттi күш пен құралдардың санын анықтау.
Тармақ 32
32. Үлкен ауқымды табиғи өрт тарап жатқан аумақтағы елдi мекендердi қорғау жөнiнде жедел шаралар қолдау.
Тармақ 33
33. Үлкен ауқымды табиғи өрттi жою барысына жетекшiлiк жасау. 34.Үлкен ауқымды табиғи өрт болып жатқан аймақтан тауар-материалдық құндылықтар мен жергiлiктi тұрғандарды көшiру жөнiндегi iс-шаралар әзiрлеу, аталған iс-шараларды орындау жөнiндегi жұмыстарды үйлестiру.
Тармақ 35
35. Үлкен ауқымды табиғи өрт болып жатқан аймаққа келу және болу тәртiбiн белгiлеу. 36.Үлкен ауқымды табиғи өрттiң туындау жағдайы бойынша ақпарат жинауды ұйымдастыру, осы туралы жоғарғы органға мәлiмдеу.
Тарау 4. 4. Жедел штабтың құқықтары
4. Жедел штабтың құқықтары
Тармақ 37
37. Үлкен ауқымды табиғи өрттi сөндiру және тұрғындарды қорғауды ұйымдастыру жөнiндегi жедел шараларды қамтамасыз ету үшiн өз құзырлығының шегiнде шешiм қабылдау.
Тармақ 38
38. Барлық меншiк түрiндегi тиiстi кәсiпорындар мен ұйымдар басшыларының өрттi сөндiруге қатыстырылған күштер мен құралдарды тарту бойынша бекiтiлген жоспарға сәйкес орындалуына бағытталған iстерiн тыңдау.
Тармақ 39
39. Жедел штабтың құзырына жататын мәселелермен жұмыс iстеу үшiн кәсiпорындар мен ұйымдардан материалдар сұрату.
Тармақ 40
40. Қалалық, аудандық Жедел штабтың үлкен ауқымды табиғи өрттi сөндiрудi ұйымдастыру жөнiндегi жұмыстарын бақылау.
Тармақ 41
41. Барлық меншiк түрiндегi ұйымдар мен кәсiпорындардың табиғи өртке жол бермеу және оны сөндiрудi ұйымдастыруға бағытталған жоспарды орындау жөнiндегi жұмыстарын ұйымдастыру.
Тармақ 42
42. Жоғары өрт қауiптiлiгi кезеңiнде, сондай-ақ өрт қауiпсiздiгi мәселелерiн реттейтiн, нормативтiк актiлер талаптарын орындамаған жағдайда табиғи аумақта оған ведомстволық қарасты кәсiпорындар мен ұйымдардың шаруашылық қызметiн шектеу туралы өкiлеттi органдарға ұсыныстар енгiзу.
Тармақ 43
43. Қалалық және аудандық Жедел штабтарға үлкен ауқымды табиғи өрттi жоюды ұйымдастыруға бағытталған шұғыл шараларды қолдану жөнiндегi мiндетi орындалатын нұсқалар беру.
Тармақ 44
44. Объективтi аумақтағы табиғи өрттердi сөндiру барысында қалалық және аудандық жедел штабтар жұмысына қатысу үшiн Жедел штаб өкiлдерiн жiберу, ал жергiлiктi аймақтағы табиғи өрт өлшемдерiн сөндiруде басшылықты тiкелей өзiне алу.
Тармақ 45
45. Үлкен ауқымды табиғи өрттердi сөндiруге бұрын келiсiлген және бекiтiлген жоспарға енбеген кәсiпорындар мен ұйымдардың күштерi мен құралдарын сәйкес мекемелермен келiсiм бойынша жұмылдыру.
Тарау 5. 5. Жедел штабтың аға жедел жұмыс жөнiндегi бастығының құқықтары
5. Жедел штабтың аға жедел жұмыс жөнiндегi бастығының құқықтары
Тармақ 46
46. Үлкен ауқымды табиғи өрттi сөндiру үшiн құзырлық шегiнде оның бағыныштылығына қарамастан кәсiпорындар мен ұйымдардың кез келген өрт, инженерлiк, көлiк техникаларын, медициналық және азық-түлiк құралдарын жұмылдыру.
Тармақ 47
47. Үлкен ауқымды табиғи өрт болып жатқан аймаққа ұйымдар мен мекемелердiң ерекше жұмыс тәртiбiн, тiптi оларды тоқтатуға дейiн белгiлеу, тұрғындардың тұруы мен мiнез-құлығына сәйкес ережелер енгiзу.
Тармақ 48
48. Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылған мемлекеттiк органның кез келген лауазымды тұлғасы үлкен көлемдi табиғи өрттi сөндiру жөнiндегi өзiне жүктелген мiндеттi орындауды қамтамасыз етпесе, құзырлық шегiнде басшылықтан босату, белгiленген тәртiпте лауазымды тұлғаны атқарып отырған қызметiнен босатуға дейiн жауапкершiлiкке тартылатыны туралы жоғары тұрған орган алдында өтiнiш жасау.
Тармақ 49
49. Үлкен ауқымды табиғи өрттi жою барысында ерекше көзге түскен ұйымдар мен кәсiпорындардың қызметкерлерiне облыс бюджетінде осы мақсатқа қаралған қаржыдан сыйлық беру, сондай-ақ облыс әкiмдiгi қарауына жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылған кәсiпорындар мен ұйымдардың жетекшiлерiн көтермелеу немесе тәртiптiк жаза белгiлеу туралы ұсыныс енгiзу.
Тарау 6. 6. Жедел штаб мүшелерiнiң негiзгi мiндеттерi
6. Жедел штаб мүшелерiнiң негiзгi мiндеттерi
Тармақ 50
50. Жедел штаб шешiмдерi мен өкiмдерiн белгiленген мерзiмде оның басшылары, Жедел штаб мүшелерiне қатысты, сондай-ақ Жедел штабта ұсынылатын ведомстволар мен қызметтердiң сөзсiз және нақты орындалуын қамтамасыз ету.
Тармақ 51
51. Жедел штаб жоспарын әзiрлеу және оны iске асыруға тiкелей қатысу.
Тармақ 52
52. Үлкен ауқымды табиғи өрт болып жатқан ауданға аттануға үнемi дайындықта болу.
Тарау 7. 7. Жедел штаб қызметтерiнiң функциялары мен олардың негiзгi мiндеттерi
7. Жедел штаб қызметтерiнiң функциялары мен олардың негiзгi мiндеттерi
Тармақ 53
53. Төтенше жағдайлар жөнiндегi облыстық басқарма (келiсiм бойынша):
Тармақша 1
1) жедел штабқа енетiн барлық қызметтердiң өзара iс-қимыл жасауы жөнiндегi нақты нұсқаулықтарды әзiрлейдi;
Тармақша 2
2) жедел штабтың құрамына кiретiн қызметтердiң iстерiн үйлестiрудi жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) жергiлiктi атқарушы органдардың қарауына үлкен көлемдi табиғи өрттердi материалдық-техникалық ресурстармен сөндiру кезінде төтенше жағдайларды жоюды күштермен және құралдармен қамтамасыз ету үшiн олардың резервiнен қаражат бөлу туралы ұсыныс енгiзедi;
Тармақша 4
4) Үлкен ауқымды табиғи өрттердi сөндiру үшiн кәсiпорындар мен ұйымдардың күштерi мен құралдарын жоспардан тыс қосымша жұмылдыру туралы ұсыныстарды қажетiне қарай жедел штабтың қарауына енгiзедi;
Тармақша 5
5) ауа-райын болжау орталығының берген деректерiнiң негiзiнде құрғақшылық кезеңiнiң басталуы туралы ескертулер жасайды;
Тармақша 6
6) жергiлiктi атқарушы органдардың қарауына үлкен ауқымды табиғи өрттердi жою үшiн қаржы және материалдық қор құру туралы ұсыныс енгiзедi;
Тармақша 7
7) орындамағаны үшiн жауапкершiлiкке тартуды ұйымдар қимылдарының мiндеттi ережелерiн (меншiк нысаны мен ведомстволық иелiгiне қарамастан) облыс әкiмдiгiнiң қарауына енгiзедi;
Тармақша 8
8) облыстық, аудандық, объектiлiк кешендi командалық штабтық жаттығулар мен арнайы өрт тактикалық жаттығуларын ұйымдастырады және өткiзедi.
Тармақша 9
9) жыл сайын үлкен ауқымды табиғи өрттердi сөндiру үшін күштер мен құралдарды жұмылдыру жоспарларын әзiрлеудi, осы жоспарларды уақытында үйлестiрудi ұйымдастырады;
Тармақша 10
10) үлкен табиғи өрттердi сөндiрудiң облысаралық, облыстық, қалалық, аудандық жоспарларын әзiрлеудi бақылауды жүзеге асырады; үлкен табиғи өрттердi сөндiру үшін күштер мен құралдарды жұмылдыру жоспарларының орындалуы туралы жергiлiктi атқарушы органдар мен ұйымдар басшыларының есебiн тыңдауды ұйымдастырады;
Тармақша 11
11) үлкен табиғи өрттердi сөндiру үшiн шекаралас мемлекеттердiң, республиканың көршi облыстарының күштерi мен құралдарын жұмылдыру тәртiбiн анықтайды;
Тармақша 12
12) республикадағы үлкен ауқымды өрттердi сөндiру үшiн әуекәсiпорындарының әуе техникаларын жұмылдыру тәртiбiн анықтай-ды;
Тармақша 13
13) Ресей Федерациясы өткiзген аэроғарыштық барлаудың көмегімен ақпарат алу тәртiбiн анықтайды.
Тармақ 54
54. Облыс өртке қарсы мемлекеттiк қызмет басқармасы (келiсiм бойынша):
Тармақша 1
1) үлкен ауқымды табиғи өрттердің туындау қаупі бар орман шаруашылығы кәсiпорындарының, демалу орындарының, елдi мекендердiң аумақтарында өрт-техникалық тексеру жүргiзедi;
Тармақша 2
2) өртке қарсы тәртiптi қамтамасыз етудi тексеру барысында анықталған кемшілiктердi жою үшiн нұсқама бередi;
Тармақша 3
3) орман және жануарлар әлемiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк мекемелердiң өрт-химиялық станцияларына көмек көрсете отырып, күштер мен құралдардың бiрлескен коллонналарының құрамында үлкен ауқымды өрттердi сөндiруге қатысады;
Тармақша 4
4) барлық меншiк нысанындағы кәсiпорындардың (ведомстволық иелiгiне қарамастан) күштерi мен құралдарын үлкен ауқымды табиғи өрттердi сөндiруге жұмылдыру жоспарын жасап, облыс әкiмдiгiнiң қарауына енгiзедi;
Тармақша 5
5) үлкен көлемдi өрттердi сөндiру үшiн күштер мен құралдарды жұмылдыру жоспарына енген (ведомстволық иелiгiне қарамастан) барлық меншiк нысанындағы кәсiпорындардың күштер мен құралдарының ұрысқа дайындығына тексерiс жүргiзедi;
Тармақша 6
6) үлкен табиғи өрттердi сөндiру үшiн жұмылдырылатын күштер мен құралдардың жоспарын жыл сайын жетiлдiрiп отырады.
Тармақ 55
55. Орман және аң шаруашылығы облыстық аумақтық басқармасы (келiсiм бойынша):
Тармақша 1
1) ормандарда өрт қауiпсiздiгi талаптарының орындалуына;
Тармақша 2
2) орманды және аңдарды қорғау жөнiндегi мемлекеттік мекемелердiң өрт-химиялық станцияларының дайындығы мен материалды-техникалық қамтамасыз етiлуiн бақылауды жүзеге асырады.
Тармақ 56
56. Облыс ауыл шаруашылығы департаментi орман және жануарлар әлемiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк мекемелердiң ұрысқа дайындығына, олардың материалдық-техникалық базасына қаржы бөлiнуiне бақылауды жүзеге асырады.
Тармақ 57
57. Облыс iшкi iстер басқармасы (келiсiм бойынша):
Тармақша 1
1) үлкен ауқымды табиғи өрттердiң қаупi туындаған кезде қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етедi;
Тармақша 2
2) үлкен ауқымды табиғи өрттер аймағына кiрудi шектейдi;
Тармақша 3
3) қажетiне қарай рұқсат тәртiбiн енгiзедi;
Тармақша 4
4) көлiктердiң үлкен табиғи өрт шыққан жерлерге жетуiн қамтамасыз етедi;
Тармақша 5
5) үлкен ауқымды табиғи өрттер аумағында халықтың шығыны мен қозғалысының есебiн жүргiзедi;
Тармақша 6
6) тұрғындардың қоныс аударуын ұйымдастырады.
Тармақ 58
58. Облыстық телекоммуникациялар дирекциясы (келiсiм бойынша):
Тармақша 1
1) үлкен ауқымды табиғи өрттердi сөндiрудi басқаратын органды меншiк нысанына қарамастан қолда бар барлық арналарды пайдаланып, байланыспен қамтамасыз етедi;
Тармақша 2
2) қажетiне қарай байланыс құралдарына жөндеу жүргiзедi, сондай-ақ байланыс жүйесiндегi апатты қалпына келтiру жұмыстарын қамтамасыз етедi;
Тармақ 59
59. "Павлодарэнергосервис" ашық акционерлiк қоғамы (келiсiм бойынша) үлкен ауқымды табиғи өрттердi сөндiру кезiнде сол аймаққа электр қуатының үздiксiз берiлуiн қамтамасыз етедi.
Тармақ 60
60. Павлодар облыстық автомобиль жолдары басқармасы (келiсiм бойынша):
Тармақша 1
1) өз құзыретi шегiнде "қазақавтодор" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны Павлодар облыстық филиалы арқылы қарамағындағы ұйымдардың iстерiн басқарады, олардың үлкен ауқымды табиғи өрттердi сөндiру үшiн көлiк жабдықтарын бөлу жөнiндегi жұмыстарды үйлестiредi;
Тармақша 2
2) үлкен ауқымды табиғи өрттердi сөндiруге жұмылдырылатын күштер мен құралдардың жоспарында қарастырылған инженерлiк және басқа да арнаулы техникалардың қалыпты жағдайда және пайдалануға үнемi дайын болуына бақылау жасайды;
Тармақша 3
3) техника бөлетiн кәсiпорындарда қосалқы бөлшектер мен жағар май қорларын құруды қамтамасыз етедi;
Тармақша 4
4) үлкен ауқымды табиғи өрттердi сөндiру кезеңiнде су шашу жағдайындағы техникаларға қызмет көрсету мен жөнделуiн ұйымдастырады.
Тармақ 61
61. Облыс индустрия және сауда департаментi:
Тармақша 1
1) үлкен ауқымды табиғи өрттердi жою кезiнде күштердi азық-түлiкпен қамтамасыз ету шараларының орындалуын қамтамасыз етедi;
Тармақша 2
2) күштердi азық-түлiкпен қамтамасыз етудiң сауда және тамақтану қызметтерi арқылы ұйымдастырылуына ықпал жасайды;
Тармақша 3
3) үлкен көлемдi табиғи өрттердi жою кезеңiнде қажет болатын азық-түлiктердiң мөлшерiн алдын ала анықтайды;
Тармақша 4
4) ыстық тамақпен және ауыз сумен қамтамасыз ететiн жылжымалы пункттердiң құрылуын қамтамасыз етедi;
Тармақша 5
5) өз құзыретi шегiнде үлкен ауқымды табиғи өрттердi сөндiруге қатысқан күштер мен құралдарды қамтамасыз ету үшiн материалдық-техникалық ресурстардың мемлекеттiк ведомстволық және объектiлiк қорларын құруды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) қосымша көздерден материалдық-техникалық ресурстарды пайдаланудың тәртiбiн анықтайды.
Тармақ 62
62. Облыс денсаулық сақтау департаментi үлкен ауқымды табиғи өрттердi жоюға тартылған күштер мен құралдарды ведомстволық ұйымдар арқылы дәрiгерлiк қамтамасыз етудi ұйымдастырады.
Тармақ 63
63. Облыс бойынша жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитет (келiсiм бойынша) өз құзыретi шегiнде жер пайдалануда табиғатты қорғау тәртiбiн бұзушыларға тексеру жүргiзедi және шаралар қолданады.
Тармақ 64
64. "Қаз Транс Ойл" жабық акционерлiк қоғамының Шығыс филиалы (келiсiм бойынша) облыс аумағында орналасқан мұнай сорғыш бекеттерi мен магистральды мұнай құбырларының ұзын бөлiктерiндегi күзету аймақтарының шегiнде өрт сөндiруге ықпал жасайды.
Тармақ 65
65. Облыс ауыл шаруашылығы департаментi егiстiк және шалғынды жерлердiң дер кезiнде жыртылуына бақылау жасайды.
Тармақ 66
66. "Қазақстан темiр жол ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамының "Павлодар тасымалдау бөлiмшесi" (келiсiм бойынша) темiр жолға жақын жердегi үлкен ауқымды табиғи өрттердiң сөндiрiлуiне ықпал етедi.
Тарау 8. 8. Жедел штаб мүшелерiнiң негiзгi қызметтерi
8. Жедел штаб мүшелерiнiң негiзгi қызметтерi
Тармақ 67
67. Облыс әкiмiнiң орынбасары (жедел штабтың аға жедел жұмыс жөнiндегi бастығы) облыс аумағында үлкен ауқымды өрттiң туындағаны туралы хабар алған кезде:
Тармақша 1
1) (облыстық, қалалық, аудандық) өрт сөндiрудi ұйымдастыруға басшылық жасауды жүзеге асыратын жедел штабтың деңгейiн анықтайды; өкiмдер бередi, жедел штабтың iске кiрiсуi қажет болатын жағдайда жедел штабтың аға жедел жұмыс жөнiндегi бастығының орынбасарына (облыс бойынша төтенше жағдайлар жөнiндегi басқарманың бастығына) жедел штабты жинау туралы өкiм бередi.
Тармақша 2
2) жедел штабтың жедел мәжiлiсiн өткiзедi;
Тармақша 3
3) үлкен ауқымды табиғи өрттердi сөндiрудiң басшысын, өрт болған жердегi жедел штабтың лауазымды тұлғаларын тағайындайды;
Тармақша 4
4) барлау жасаудың қажеттiлiгiн, мерзiмiн, тәсiлдерiн анықтайды;
Тармақша 5
5) үлкен ауқымды табиғи өрттi сөндiруге жұмылдырылатын күштер мен құралдардың қажеттi мөлшерiн анықтайды;
Тармақша 6
6) үлкен ауқымды табиғи күштер мен құралдар бөлетiн нақты ұйымдар мен кәсiпорындардың тiзiмін анықтайды;
Тармақша 7
7) үлкен ауқымды табиғи өрттi сөндiру барысын тiкелей бақылайды.
Тармақ 68
68. Облыс бойынша төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма бастығы (Жедел штабтың аға жедел жұмыс жөнiндегi бастығының орынбасары) облыс аумағында үлкен ауқымды табиғи өрттердiң туындағандығы туралы хабар алған кезде:
Тармақша 1
1) туындаған жағдайға байланысты Ақ күштер мен құралдарының толық дайындыққа келтiрiлуiне өкiм бередi;
Тармақша 2
2) жедел штабтың аға жедел жұмыс жөнiндегi бастығы шешiмiнiң iске асырылуын қамтамасыз етедi;
Тармақша 3
3) үлкен ауқымды табиғи өрттердi сөндiру барысына бақылау жасайды;
Тармақша 4
4) үлкен ауқымды табиғи өрттер туралы жалпы ақпараттар жинауды жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) жедел штабтың аға жедел жұмыс жөнiндегi бастығына ақпарат берiп отырады;
Тармақша 6
6) жедел штабқа үлкен ауқымды табиғи өрттердi сөндiрудi жақсартуға бағытталған ұсыныстар енгiзедi;
Тармақша 7
7) үлкен ауқымды табиғи өрт салдарын талдаудың нәтижесi жөнiнде шара қолдану үшiн Жедел штабқа ұсыныстар енгiзедi;
Тармақша 8
8) жедел штаб жұмысының жылдық жоспарын әзiрлейдi.
Тармақ 69
69. Облыс мемлекеттiк өртке қарсы қызмет бастығы (Жедел штаб мүшесi) облыс аумағында үлкен көлемдi табиғи өрттiң туындағандығы туралы хабар алған кезде:
Тармақша 1
1) өрт сөндiрушiлер кезекшi қызметiнiң қызметкерлерiне алдын ала анықтау бөлiмшесiнiң, өрттердi зерттеу секторы қызметкерлерiн өрт болған жерлерге жөнелту үшiн өкiм бередi;
Тармақша 2
2) қажет болған жағдайда облыстық өртке қарсы қызметiнiң гарнизонын қызметтi өтеудiң күшейтiлген түрiне көшуге нұсқау бередi және жауынгерлiк есепке қордағы өрт техникаларын енгiзедi;
Тармақша 3
3) Жедел штабтың нұсқауы бойынша үлкен ауқымды табиғи өрт болған жерге көрсетiлген күш пен жабдықтарды жiбередi;
Тармақша 4
4) облыс өртке қарсы мемлекеттiк қызмет гарнизоны жедел кезекшi арқылы қалалық, аудандық өрт сөндiрудiң жедел жоспарына сәйкес үлкен ауқымды табиғи өрттердi сөндiру үшiн ұйымдар мен кәсiпорындардың күштерi мен жабдықтарын көтерудi, жөнелтудi жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) жедел штабтың нұсқауы бойынша үлкен ауқымды табиғи өрттердi сөндiруге басшылық жасайды; өрт сөнгеннен кейiн өрттi тексеру нәтижесi бойынша Жедел штабқа анықтама дайындайды.
Тармақ 70
70. Облыстық аумақтық орман және аң шаруашылығы басқармасы, (Жедел штаб мүшесi) орман мен жануарлар әлемiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк мекемелер аумағына үлкен ауқымды табиғи өрттерi туындағандығы туралы хабар алған кезде:
Тармақша 1
1) қажет болған жағдайда көршi Ресей Федерациясы Алтай өлкесiнiң көршi орман шаруашылықтарымен қарым-қатынас жоспарын енгiзудi ұйымдастырады;
Тармақша 2
2) үлкен ауқымды табиғи өрттердi сөндiру үшiн Жедел штабқа жұмылдырылатын күш пен құралдардың қажеттi мөлшерi туралы ұсыныс енгiзедi;
Тармақша 3
3) басшылар үлкен ауқымды табиғи өрттердi сөндiруге басқа ұйымдардың қызметкерлерiн тағайындаған жағдайда өзiнiң барлық iс-әрекет қызметiн онымен келiседi.
Тармақ 71
71. Облыс ауыл шаруашылығы департаментiнiң бастығы (жедел штаб мүшесi) үлкен ауқымды табиғи өрттердi сөндiруге қажеттi материалдық-техникалық ресурстарды жұмылдыруға ықпал етедi.
Тармақ 72
72. Облыстық телекоммуникациялар дирекциясының директоры, (Жедел штаб-мүшесi) үлкен ауқымды табиғи өрттер болып жатқан жерлермен Жедел штабтың үздiксiз байланысын қамтамасыз етедi.
Тармақ 73
73. "Қазақстан темiр жолы ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамының "Павлодар тасымалдау бөлiмшесi" директоры (Жедел штаб мүшесi) темiр жол өтетiн жерлерде үлкен ауқымды табиғи өрттер туындағанда өрт сөндiру техникаларын сумен жабдықтау үшiн өрт сөндiру пойызын жөнелтудi қамтамасыз етедi.
Тармақ 74
74. Облыс коммуналдық шаруашылық, көлiк және коммуникациялар департаментiнiң бастығы (Жедел штаб мүшесi):
Тармақша 1
1) кәсiпорындардың үлкен ауқымды табиғи өрттер болған жерлерге күш пен құралдарды тасымалдау үшiн автобус бөлуiн ұйымдастырады.
Тармақша 2
2) жедел штабтың талаптары бойынша жарақаттанғандарды медициналық мекемелерге жеткiзу үшін автобус бөлуiн ұйымдастырады;
Тармақша 3
3) жедел штабтың талаптары бойынша үлкен ауқымды табиғи өрттер болған жерлерге жанар-жағармай материалдарын жеткiзудi ұйымдастырады.
Тармақ 75
75. Облыс индустрия және сауда департаментiнiң бастығы (Жедел штаб мүшесi) Жедел штаб талаптары бойынша жылжымалы тамақтандыру пунктiн ұйымдастырады, үлкен ауқымды табиғи өрттердi сөндiруге жұмылдырылған күштер мен құралдарды азық-түлiкпен қамтамасыз етудi ұйымдастырады.
Тармақ 76
76. Облыс денсаулық сақтау департаментiнiң бастығы (Жедел штаб мүшесi) Жедел штаб талаптары бойынша үлкен ауқымды табиғи өрттердi сөндiру жұмыстары жүрiп жатқан жерлерде медициналық қызмет көрсетiлуiн қамтамасыз етедi.
Тармақ 77
77. Облыс IIБ бастығы (Жедел штаб мүшесi) үлкен ауқымды табиғи өрттер туындаған жағдайда:
Тармақша 1
1) өрт аумағындағы қоғамдық тәртiптi;
Тармақша 2
2) бөтен адамдардың өрт аумағына өтуiн шектеудi;
Тармақша 3
3) өрт шыққан жерлерге бағытталған техника колонналарын шығарып салуды.
Тармақша 4
4) Жедел штабтың талабы бойынша IIБ бөлiмдерiнiң жеке құрамын бөлiп берудi;
Тармақша 5
5) жергiлiктi халықты көшiру кезiнде азаматтардың уақытша орналасқан пункттерiн, тұрғын үй және өндiрiстiк ғимараттарды күзетудi, тонаушылыққа жол бермеудi, коменданттық қызметтi атқару мен ұйымдастыруды қамтамасыз етедi.
Тармақ 78
78. Облыс қаржы департаментiнiң бастығы (Жедел штаб мүшесi) Жедел штаб талабы бойынша кәсiпорындар мен ұйымдардың үлкен ауқымды табиғи өрттердi сөндiру үшiн жұмсаған нақты шығындарының дұрыстығына тексеру жүргiзедi.