О внесении изменений в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 19 декабря 2003 года № 671 "О создании комиссии по государственным символам при акиме Южно-Казахстанской области", зарегистрированного в департаменте юстиции Южно-Казахстанской области от 15 января 2004 года за № 1074 Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.07.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Оңтүстiк Қазақстан облыстық әдiлет департаментiнде 2004 жылғы 15 қаңтарда 1074-нөмiрмен тiркелген "Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң жанындағы мемлекеттiк нышандар жөнiндегi комиссияны құру туралы" Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмиятының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 671 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес "Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң жанындағы мемлекеттiк нышандар жөнiндегi комиссияны құру туралы" Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмиятының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы N 671 қаулысына (Оңтүстiк Қазақстан облыстық әдiлет департаментiнде 2004 жылғы 15 қаңтарда 1074-нөмiрмен тiркелген, "Оңтүстiк Қазақстан" газетiнде 2004 жылғы 24 қаңтарда жарияланған, облыс әкiмиятының 2004 жылғы 29 наурыздағы N 160 қаулысымен өзгерiстер енгiзiлген) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң жанындағы мемлекеттiк нышандар жөнiндегi комиссияның құрамына енгiзiлсiн: Сәдiбеков Ұласбек Сәдiбекұлы - Оңтүстiк Қазақстан облысы жастар iсi және iшкi саясат жөнiндегi департаментiнiң бастығы, комиссия төрағасының орынбасары; Жалмұрзаев Батырбек Қаратайұлы - Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмi аппараты әлеуметтiк-мәдени кешен бөлiмiнiң меңгерушiсi. Мыңбай Дархан Қамзабекұлы комиссия құрамынан шығарылсын.