О мерах по реализации Послания Президента народу Казахстана «К конкурентоспособному Казахстану, конкурентоспособной экономике, конкурентоспособной нации» от 19 марта 2004 года Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.03.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Президенттің 2004 жылғы 19 наурыздағы «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар туралы Президенттің 2004 жылғы 19 наурыздағы «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудандар мен қалалардың әкімдері, облыстық басқармалар мен ведомстволардың басшылары (келісімі бойынша): Президенттің 2004 жылғы 19 наурыздағы «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» Қазақстан халқына Жолдауының (бұдан әрі - Президенттің Жолдауы) нормалары мен ережелерін жүзеге асыру жөніндегі нақты шаралар жоспарларын әзірлесін және жедел түрде оларды іске асыруға кіріссін; идеологиялық қамтамасыз ету жөніндегі алдыңғы қатарлы іс-шаралар мен осы бағытта ауқымды белсенді жұмыстар жүргізу және жұмыстың инновациялық түрлерін қолдану арқылы Президент Жолдауын ақпараттық насихаттауды жүргізу жөніндегі алдыңғы қатарлы шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін.
Тармақ 2
2. Облыстық экономика және шағын бизнесті дамыту басқармасы қолда бар облыстық және аудандық бағдарламаларды қайта қарасын. 2005-2007 жылдарға арналған облысты дамытудың орта мерзімдік бағдарламасын әзірлеу кезінде Президент Жолдауында көрсетілген негізгі басылымдықтарды жүзеге асыру жөніндегі шаралар қарастырсын.
Тармақ 3
3. Облыстық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық және жол шаруашылық басқармасы (А.М.Рыспаев): облыстың тұрғын үй құрылысы бағдарламасын және құрылыс индустриясы мен жергілікті құрылыс материалдары өндірісін дамыту бағдарламасын әзірлесін; тұрғын үй саясатын жүзеге асыру жөніндегі тиісті іс-шаралар жоспарын ұсынсын, онда әр аумақ, нысандар бойынша және негізгі кезеңдерінің мерзімдері көрсетілсін. 2004 жылдың сәуір айында жергілікті маңызды автожолдарға күрделі жөндеуді жүзеге асыру үшін тендерлер өткізсін, жеңімпаздарын анықтасын және 2004 жылдың мамыр айында жол құрылысы жұмыстарын орындауға кіріссін. Жұмыс барысы мен қаржының мақсатты түрде толық игерілуіне бақылау жасасын.
Тармақ 4
4. Ақмола облысы Әділет департаменті (келісімі бойынша) және облыстық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық және жол шаруашылық басқармасы: Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне тұрғын үйлері «сырылатын» тұрғындарды нақты алып отырған ауданы бойынша жаңа тұрғын үймен қамтамасыз ету және сырылған тұрғын үй (пәтер, үй) үшін ақшалай өтемақы төлемін белгілеу туралы тарауына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар әзірлесін және енгізсін.
Тармақ 5
5. Облыстық ауыл шаруашылық басқармасы: облыстық мәслихаттың II шақырылған 24 сессиясының 2003 жылғы 21 ақпандағы шешімімен бекітілген Ақмола облысының 2003-2005 жылдарға арналған агроазық-түлік бағдарламасының және облыстық мәслихаттың 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 3С-3-6 шешімімен бекітілген Ақмола облысының 2004-2006 жылдарға арналған ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі аймақтық бағдарламасының міндетті түрде орындалуын қамтамасыз етсін, шағын кредит беру жүйесін дамытуды жалғастырсын.
Тармақ 6
6. Стандартизациялау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетінің Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қадағалау басқармасы (келісімі бойынша): облыс кәсіпорындарына халықаралық стандарттарды енгізу бойынша көмек көрсету жөніндегі жұмыстарды күшейтсін.
Тармақ 7
7. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыстық білім басқармасы: Президенттің Жолдауында көрсетілген Елбасының негізгі ұстанымдарын ескере отырып 2004 жылдың 20 сәуіріне дейін денсаулық, білім салаларын дамыту жөніндегі бағдарламаны жетілдірсін.
Тармақ 8
8. Облыстық білім басқармасы, облыстық телекоммуникация дирекциясымен (келісімі бойынша) бірлесе отырып: облыс мектептеріне жергілікті бюджеттен нақты қаржыландыра отырып телефондар орнату, кейін мектептерді «Интернет» жүйесіне қосуды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеп ұсынсын.
Тармақ 9
9. Ақмола облысының ішкі саясат департамент: Президент Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру жөніндегі алдыңғы қатарлы іс-шаралар мен ақпараттық үгіт-насихат жұмыстарының жоспарын әзірлесін; тиісті облыстық басқармалармен және ведомстволармен (келісімі бойынша) бірлесе отырып Жолдаудың негізгі ережелерін түсіндіру бойынша ақпараттық үгіт топтарының дәріс оқушыларынан әдістемелік материалдар дайындасын; Президент Жолдауын жариялау мәселелері бойынша мемлекеттік тапсырысты орындайтын облыстық, аудандық және қалалалық бұқаралық ақпарат құралдарының басшыларымен кездесу ұйымдастырсын; Президент Жолдауының негізгі ережелерін жүзеге асыруға қоғамдық-саяси қатынасты, халықтың көңілі мен сенімін зерттеу бойынша әлеуметтік зерттеу жүргізсін; Президент Жолдауында жарияланған басылымдық міндеттер бойынша жедел режимде «лидерлердің ойы» базасын қолдап отырсын; Жолдаудың негізгі ережелерін түсіндіру және жүзеге асыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың, басқармалардың халықпен жұмыстарын үйлестіруді қамтамасыз етсін және ақпараттық насихат жұмыстарын жандандырсын. веп-сайт бойынша жұмысты жандандырсын және тәртіпке келтірсін, веп-сайт материалдарында Президенттің Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі облыста жүргізіліп жатқан жұмыстардың Жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 10
10. Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлігінің Ақмола облысы бойынша ақпарат басқармасы (келісімі бойынша): он күннің ішінде облыстық басқармалары мен ведомстволардың, жергілікті атқарушы органдардың басшылары бұқаралық ақпарат құралдарында сұхбат беруі жөніндегі медиа-жоспар әзірлесін; бұқаралық ақпарат құралдарында Президент Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру бойынша материалдар жариялауды ұйымдастырсын, бұқаралық ақпарат құралдарында Президенттің Жолдауын насихаттау бойынша жұмысты жандандырсын; Президенттің Жолдауын жариялау барысын бұқаралық ақпарат құралдарында сапалы және көлемді жариялаудың тұрақты мониторингін жүзеге асырсын; жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарын тұрақты түрде Президент Жолдауының негізгі мәселелері бойынша ақпараттық, анықтамалақ және әдістемелік материалдармен қамтамасыз етсін; үстіміздегі жылдың сәуір айында ақпараттық үгіт жұмыстарын жетілдіру бойынша аудан, қала әкімдерінің орынбасарларын, аудан, қала әкімдері аппараттарының ішкі саясат бөлімдерінің меңгерушілерін, ақпараттық үгіт топтары мүшелерін, бұқаралық ақпарат құралдарының редакторларын және облыстық басқармалар мен ведомстволардың баспасөз қызметтерін қатыстыра отырып семинар-кеңес өткізсін.
Тармақ 11
11. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің директоры (келісімі бойынша) шаруашылық субъектілерінің өз қызметкерлеріне жалақы бойынша берешектерін өтеуі бойынша еңбек заңдылықтарын сақтау, жалақыны заттай беруге жол бермеу бойынша іс-шаралар қолдансын.
Тармақ 12
12. Аудандар мен Көкшетау, Степногорск қалаларының әкімдері, барлық мемлекеттік органдардың, барлық меншік түрлеріне қарасты кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің басшылары: көрнекілік құралдарды рәсімдеуді ұйымдастыру және тәртіпке келтіру жоспарларына Президенттің 2004 жылғы 19 наурыздағы Жолдауы тақырыбы енгізілуін қамтамасыз етсін, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері мен «Қазақстан – 2030» стратегиясын насихаттау бойынша жұмыстарды жалғастырсын.
Тармақ 13
13. Осы қаулының орындалуын бақылау қарауындағы салалары бойынша облыс әкімінің орынбасарларына жүктелсін.