О внесении изменений в постановление акимата области от 19 января 2004 года № 7 «О создании Экспертного совета по вопросам инновационного развития области» (Р/г № 1155 от 17 февраля 2004 года) Күшін жойған
Басқа 0
«Облыстың инновациялық даму мәселелері жөніндегі Сараптау кеңесін құру туралы» облыс әкімдігінің 2004 жылғы 19 қаңтардағы 7 қаулысына өзгерістер енгізу туралы (2004 жылғы 17 ақпаннан т/н № 1155)
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 2 қаңтардағы Заңының 27 бабы 2 тармағына сәйкес және облыс басшылығының кадрлық құрамының өзгеруіне байланысты облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Тармақ 1
«Облыстың инновациялық даму мәселесі жөніндегі Сараптау кеңесін құру туралы» облыс әкімдігінің 2004 жылғы 19 қаңтардағы № 7 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін (2004 жылғы 17 ақпандағы т/н № 1155, 2004 жылғы 1 наурыздағы «Солтүстік Қазакстан» газеті, 2004 жылғы 1 наурыздағы «Северный Казахстан» газеті):
облыстың инновациялық даму мәселелері жөніндегі Сараптау кеңесі құрамына:
Иванищев Александр Васильевич - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің индустрия және сауда департаментінің бастығы енгізілсін
«Белецкая Наталья Петрова - кадрлар біліктілігін көтеру және даярлау институтының директоры, география ғылымдарының кандидаты, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры (келісім бойынша)»
жолдары баяндалсын мына редакцияда:
"Белецкая Наталья Петровна - М. Қозыбаев атындағы Солтустік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры, география ғылымдарының кандидаты» (келісім бойынша)»
Сараптау кеңес құрамынан Тәженов Бейсембі Ыдырысұлы, Спицын Валерий Дмитриевич шығарылсын.