О внесении изменений в постановление акимата области от 19 февраля 2004 года №46 «О предупреждении и ликвидации чрезвычайных ситуаций в период паводка 2004 года» Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.04.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс әкімдігінің "2004 жылғы су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайлардың алдын алу және жою туралы" 2004 жылғы 19 ақпандағы №46 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға арналған қаржыны қайта бөлу мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыс әкімдігінің "2004 жылғы су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайлардың алдын алу және жою туралы" 2004 жылғы 19 ақпандағы N 46 (тіркеу N 2546, облыстық газеттер "Приуральеде" 2004 жылғы 18 наурыздағы N 33, "Орал өңірінде" 2004 жылғы 25 наурыздағы N 36 сандарында жарияланған) қаулысына төмендегідей өзгерістер енгізілсін: 4-тармақтағы "84239 (сексен төрт миллион екі жүз отыз тоғыз)" деген сан мен сөздер "77769 (жетпіс жеті миллион жеті жүз алпыс тоғыз)" деген санмен және сөздермен өзгертілсін; 3 қосымшаға: 1-тармақтың бірінші абзацындағы "63 434" саны "56 964" санымен өзгертілсін; 1-тармақтың 1)-тармақшасындағы "10 000" саны "3 530" санымен өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. П. Качалоға жүктелсін.