О внесении изменений в постановление акимата от 19 марта 2005 года № 133 "Об утверждении Инструкции по оказанию социальной помощи безработным, направленным на профессиональную подготовку, повышение квалификации и переподготовку, по возмещению затрат на проживание, питание и медицинское освидетельствование и на проезд к месту обучения в пределах региона" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.03.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Аймақ шегіндегі оқу орынына жүріп-тұру мен медициналық куәландыруға, тамақтануға, тұруға кеткен шығын орынын толтыру бойынша қайта даярлау мен біліктілікті көтеруге, кәсіби дайындыққа жіберілген жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсету Нұсқаулығын бекіту туралы" 2005 жылғы 19 наурыздағы № 133 әкімдік қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген, жұмыссыздардың қайта даярлауын және біліктілігін жоғарылату, кәсіби даярлауын ұйымдастыру және қаржыландыру Ережесіне сәйкес, әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Аймақ шегіндегі оқу орынына жүріп–тұру мен медициналық куәландыруға, тамақтануға, тұруға кеткен шығын орынын толтыру бойынша қайта даярлау мен біліктілікті көтеруге, кәсіби дайындыққа жіберілген жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсету Нұсқаулығын бекіту туралы" 2005 жылғы 19 наурыздағы № 133 (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркеу нөмірі 3441, 2005 жылғы 20 сәуірдегі "Авангард" газетінде жарияланған) әкімдік қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген, аймақ шегіндегі оқу орынына жүріп–тұру мен медициналық куәландыруға, тамақтануға, тұруға кеткен шығын орынын толтыру бойынша қайта даярлау мен біліктілікті көтеруге, кәсіби дайындыққа жіберілген жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсету Нұсқаулықтағы: 6 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын: "6. Әлеуметтік көмек уәкілетті органда ресми тіркелген, кәсіптік дайындыққа, білім беру ұйымдарына қайта даярлау мен біліктілігін жоғарылатуға жіберілген және заңнамалық тәртібімен белгіленген конкурсты ұтып алған жұмыссыз азаматтарға көрсетіледі"; 14 тармақтың 1) тармақшасындағы "бір айлық есептік көрсеткіші" деген сөздер "үш айлық есептік көрсеткіші" деген сөздерімен ауыстырылсын; 14 тармақтың 2) тармақшасындағы "екі" деген сөз "үш" деген сөзімен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы әкімдік қаулысы оның бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.