О внесении изменений и дополнений в решение от 19 марта 2005 года № 15-4 «Об утверждении Правил предоставления малообеспеченным гражданам жилищной помощи на содержание жилья и оплату жилищно-коммунальных услуг и услуг связи» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2005 жылғы 19 наурыздағы № 15-4 «Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үйді ұстау үшін тұрғын үй көмегін беру және тұрғын үй коммуналдық қызметі мен байланыс қызметінің ақысын төлеу жөніндегі Қағидаларды бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Семей қалалық мәслихаттың 2005 жылғы 19 наурыздағы № 15-4 «Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үйді ұстау үшін тұрғын үй көмегін беру және тұрғын үй коммуналдық қызметі мен байланыс қызметінің ақысын төлеу жөніндегі Қағидаларды бекіту туралы» шешіміне (2005 жылғы 25 сәуірдегі тіркеу номері 5-2-5, 2005 жылғы 13 мамырдағы № 19 «Семей таңы» және «Семипалатинские вести» газеттерінде) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: аталған шешімнің қосымшасындағы: 3 тармақтағы «20%» саны «11%» саны болып ауыстырылсын; 12 тармақтағы «тұрғын үй кітабы» сөздері «азаматтарды тіркеу кітабы» сөздерімен ауыстырылсын; 12 тармақ «жұмыссыз статусын алған, бірақ өтініш жасағанның алдындағы тоқсан үшін коммуналдық қызметті төлеуге жағдайы жоқ азаматтардың құжаттары алдағы тоқсан үшін өтеу шартымен төленбеген есеп шоттары бойынша қабылданады» сөйлемімен толықтырылсын; 18 тармақтағы «20%» саны «11 %» саны болып ауыстырылсын; 22 тармақ алынып тасталсын; 23 тармақ «Тұлдыр жетімдер кіретін отбасылары үшін жетімге қарастырылатын кірістер есептелмейді» сөйлемімен толықтырылсын; аталған шешімнің 1-ші қосымшасындағы: 2 тармақтағы «8 теңге» сөздері «10 теңге» сөздерімен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім бірінші рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң іске енгізілсін.
Басқа 3. Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үйді ұстау үшін тұрғын үй көмегін беру және тұрғын үй коммуналдық қызметі мен байланыс қызметінің ақысын төлеу жөніндегі
2007 жылғы 26 желтоқсандағы № 4/42-IV шешіміне қосымша Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үйді ұстау үшін тұрғын үй көмегін беру және тұрғын үй коммуналдық қызметі мен байланыс қызметінің ақысын төлеу жөніндегі ҚАҒИДАЛАР
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Тұрғын үй көмегі сол жерде тұрақты тұратын және тұрғын үйдің иелері немесе оның жалдаушысы (жалгерлері) болып табылатын тұрмысы төмен отбасыларына берілетін атаулы көмектің бір нысаны болып табылады.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй көмегі отбасының тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтерді қалалық телекоммуникация жүйесіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемді көбейту бөлігіндегі байланыс қызметтерді тұтынуға ақы төлеудің нақты шығындары осы мақсаттарға шекті жол берілетін шығыстар үлесінен артқанда тағайындалады. Сондағы отбасының нақты шығындары әлеуметтік нормалардың шегінде есепке алынады.
Тармақ 3
3. Тұрғын үйді ұстау және комму нал дық қызмет қалалық телекоммуникация жүйесіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемді көбейту бөлігіндегі байланыс қызметтерді тұтынуға ақы төлеу үшін шекті жол берілетін шығыс үлесі отбасының жиынтық кірістерінің 11 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік нормалар және тұрғын үй көмегін есептеуге алынған үйді ұстау шығындарының мөлшерін, коммуналдық қызметтерді (сумен қамтамасыз ету, газбен қамтамасыөз ету, канализация, электрмен қамтамасыз ету, жылумен қамтамасыз ету, қоқыс шығару және лифттерді қоқыс шығару және лифттерді қамту), қалалық телекомуникация жүйесіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемді көбейту бөлігіндегі байланыс қызметтерді Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы заңнамаларға сәйкес белгіленеді. (1 қосымша)
Тармақ 5
5. Телефон үшін абоненттік төлем тарифтері жоғарылауының өтем ақысын төлеу тәртібі «Қалалық телекомуникация жүйелерінің абоненттері болып табылатын әлеуметтік қорғалмаған азаматтардың телефоны үшін абоненттік толем тарифтерінің жоғарылау өтем ақысының Қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 қыркүйектегі № 949 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Тұрғын үй көмегін есептеу үшін алынатын барлық коммуналдық кызметтерге, байланыс қызметтерге және олардың өзгерістеріне арналған тарифтерді қызмет көрсетушілер береді.
Тармақ 2. 2. Тұрғын үй көмегін беру шарттары
2. Тұрғын үй көмегін беру шарттары
Тармақ 7
7. Жеке меншігінде 1 бірліктен артык тұрғын үйі (үйі, пәтері) бар немесе тұрғын үйі жайын жалға (жалдауға) берген тұлғалар тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады.
Тармақ 8
8. Жұмысқа жарамды, бірак жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін және жұмыспен қамту қызметінде тіркелмеген адамдары бар отбасылардың тұрғын үй көмегін алуға құқығы жоқ, соның ішіне 50 жасқа толғандар 1-ші, 2-ші топтағы мүгедектерді күтетіндер, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды кутетіндер, 80 жастан асқандар немесе 7 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеумен шұғылданатындар.
Тармақ 9
9. Ұсынған жұмыстан немесе жұмысқа орналасудан себепсіз бас тартқан және өз еркімен қоғамдық жұмысқа, оқыту мен қайта оқытуға қатыспаған және осыған байланысты тіркеуден алынған жұмыссыздар тұрғын үй комегін алу құқығынан айырылады және қайта тіркеуден өтуі қажет.
Тармақ 10
10. Тұрмыстық үй көмегі ағымдағы тоқсанға тағайындалады. Тұрғын үй көмегіне өтініш тоқсан бойы қабылданады. Отбасылары тоқсандык ағымында тұрғын үй көмегін көрсету қызметтері әзірлеген графиктер бойынша қайта аттестациядан өтеді.
Тармақ 11
11. Электрмен қамтамасыз ету, газбен қамтамасыз ету, канализация, жылумен қамтамасыз ету, қоқыстарды шығару, лифттерді қамту, сумен қамтамасыз ету және тұрғын үйді пайдалану және байланыс қызметтері жөніндегі шығындар өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанның орташа түбіртектері бойынша есептеледі. Тапсырылған түбіртектер бойынша орташа айлық есептесу сомасы шығарылады.
Тармақ 12
12. Тұрғын үй жәрдемақыларын алуға үміткер өз немесе от басының атынан белгіленген үлгідегі өтініш-сауалнамасын толтырады. Өтінішке коса мына құясаттар тіркеледі: Тұрғын үй құқығын куәландыратын құжат немесе үй жалдау жөніндегі келісім, тұрғын үй кітабы, салық төлеушінің нөмірі (РНН), зейнетақы куәлігі, жинак кітапшасын тапсырады. Тоқсан сайын отбасы табыстары және басқа табыстары туралы мәліметтерін, барлық коммуналдық қызметке ақы төлеу туралы түбіртектерді, жұмыссыздарға жұмыспен қамту бөлімінен анықтама, жеке куәлік немесе паспорт тапсырады.
Тармақ 13
13. Кейбір жағдайда жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (бұдан әрі уәкілетті орган) арнайы мекемелерден тұрғын үй көмегін алу құқығын растайтын мәліметтер сұратады. Артық төленген сом мөлшері өз еркімен, ал қайтаруға бас тартқан ретте сот арқылы қайтарылады.
Тармақ 14
14. Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде туындаған келісімсіздік жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімі меңгерушісімен құрылған комиссияда қаралады.
Тармақ 15
15. Тұрғын үй көмегін көрсетуге фискальдық есептік-анықтама, өкілеттік мекеменің шешімі негіз болып табылады.
Тармақ 16
16. Тұрғын үйді сату кезінде жәрдемақы мәміле жасалғаннан бастап төленбейді. Тұрғын үйді өткен тоқсанда сатып алғанда, мәлімделген кіріс сомасына жасалған мәміледен түскен кірістің үш айға бөлінген айырымы коса есептеледі.
Тармақ 17
17. Үйлеріне жылыту мезгілінде жылумен ыстық су қосылмаған және пәтерлері жергілікті жылу приборлары арқылы жылитын пәтер иелеріне тұрғын үй көмегі тағайындалған жағдайда электр қуатының төлемі жылытумен ыстық судың, тұрғын үй көлемі нормасымен қызмет көрсетуші тарифтарына сәйкес эквивалентті сомада есептеледі.
Тармақ 3. 3. Тұрғын үй көмегінің мөлшері
3. Тұрғын үй көмегінің мөлшері
Тармақ 18
18. Тұрғын үй көмегінің мөлшері (меншік үй иесінің) жалгердің өтімдік шараларымен қамтамасыз етілетін нормалар шегінде үйді ұстауға және коммуналдық кызметке, байланыс қызметтеріне ақы төлеумен отбасына осы мақсаттарға шекті жол берілетін шығыс деңгейінің айырымы ретінде есептеледі. Тұрғын үй көмегінің мөлшерін белгілеу формуласы: П=МСПЖ -(t х д), П- тұрғын үй көмегінің мөлшері, МСПЖ- тұрғын үйге ең жоғары әлеуметтік төлем, Т - тұрғын үй төлеміне нормативтік шығын (11%), Д - отбасының жиынтық табыстары.
Тармақ 4. 4. Тұрғын үй жәрдемақыларына үміткер азаматтардың (отбасыларының) жиынтық табысын есептеу
4. Тұрғын үй жәрдемақыларына үміткер азаматтардың (отбасыларының) жиынтық табысын есептеу
Тармақ 19
19. Жиынтық табыстарының есептелуі отбасының табысын белгілеуге тұрғын үй жәрдемін тағайыпдайтын уәкілетті органмен жүргізіледі.
Тармақ 20
20. Ішкі істер органдары тұрғылықты жерлері бойынша тіркеген адамдарды Қазақстан Республикасының Үкіметінің 12.07.2000 жылғы № 1063 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының тұрғындарын кұжаттандыру және тіркеу кағидаларына сәйкес есептеледі. Отбасының жиынтық табыстары өтініш берген тоқсанның алдыңғы тоқсанға отбасының барлық мүшелерінің және осы мекен жай бойынша тіркелген басқада адамдардың табыстарын қосу жолымен есептеледі.
Тармақ 21
21. Бір тоқсаннан көп мерзімге төленетін бір жолғы төлемді алғанда, жиынтық табыстар барлық табыс жиынның табыс алған айлар санына бөлуден алып және үш айға көбейтілген табыстың жиыны есепке алынады.
Тармақ 22
22. Жалғыз басты зейнеткерлердің, мүгедектердің, бірге тұратын жалғыз басты зейнеткерлерді, бірге тұратын зейнеткер мен мүгедекті және жалғыз басты ерлі-зайыпты зейнеткерлермен мүгедектердің, сондай-ақ құрамында жетім балалары бар отбасыларының құқыларын белгілеп тұрғын үй көмегін есептегенде оларды қолдау мақсатында, табыстары Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген уақыттың тиісті мерзімінде екі есептік көрсеткішке (кемиді) реттеледі. Тұлдыр жетімдер кіретін отбасылары үшін жетімге қарастырылған кірістер есептелмейді.
Тармақ 23
23. Отбасының жиынтық табыстардың барлық түрлері: тұрғын үй көмегіне өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанда нақтылы алынған тұрғын үй және мемлекеттік атаулы көмек, қайтыс болғандарды жерлеу мен бала туғандағы біржолғы төлемдерден басқа жеке кәсіптік істерден түсетін табыс, еңбек акы, мемлекеттік және мемлекеттік емес зейнетакы, стипендия, жәрдемақы, өтемдер есепке алынады. Отбасының табысына алынған шағын несиелердің сомалары есептелінбейді. Жиынтық табыс өтінушінің алған табыстары жөнінде ұсынылған мәліметтердің негізінде есептелінеді.
Тармақ 24
24. Еңбек істерден түсетін табыс, зейнетақы, жәрдемақы мен алименттер кұжатпен дәлелдейтін табыс түріне жатады. Кәсіптік істерден түсетін табыс, алынған мүліктен түсетін табыс танытылған болып есептеледі.
Тармақ 25
25. Ауылдық жердің тұрғындары үшін мал басынан бір бас болғандығы жеке косалкы шаруашылыктан табыс (саяжай учаскелерден, бау бақшалардан түсетін табыстарды қоспағанда) тоқсанда үш есептік көрсеткіш мөлшерінде есепке алынады, үлкен мал басынан екі және одан да көп бас болғанда бес есептік көрсеткіш мөлшерінде есепке алынады.
Тармақ 26
26. Қалалардың және қалалық үлгідегі кенттердің тұрғындары үшін үлкен мал басынан бір бас болғандағы жеке косалкы шаруашылықтан табыс (саяжай учаскелерден, бау бақшалардан түсетін табыстарды коспағанда) тоқсанда екі есептік көрсеткіш мөлшерінде есепке алынады, үлкен мал басынан екі және одан көп бас болғанда төрт есептік көрсеткіш мөлшерінде есепке алынады.
Тармақ 27
27. Жиынтық табысты есептегенде өнімді жасқа толмаған үй малы есепке алынбайды (2 косымша)
Тармақ 28
28. Тұрғын үй көмегіне үміткер отбасыларына тұрғын үй көмегін тағайындаған кезде мына шектеулер есепке алынады:
Тармақша 1
1) үміткер занды некеде болса, бірақ ерлі-зайыптылар жеке тұратын болса, ерлі зайыптылардың екеуінің де табыстары есептеледі және зайыбының жәрдемакы өтінген мекен жайы бойынша тағайындалады;
Тармақша 2
2) үміткер заңды некеде болса, бірақ зайыбының қазіргі тұрғылықты жерін білмесе (көрсетпесе) және кұқық қорғау органдарына бұл туралы мәлімдемесе, жәрдемақы тағайындалмайды;
Тармақша 3
3) үміткердің үйіне ата-анасы басқа жерде тұратын 18 жасқа дейінгі бала тіркелген жағдайда - жиынтық табысқа ата-анасының молімделген анықтамаларындағы соманың 20 пайызы қоса есептеледі.
Тармақ 29
29. Отбасының жиынтық табысы алименттердің есебінсіз саналады, егерде төлеуші:
Тармақша 1
1) жұмыс істемейтін және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз болып тіркелген (анықтама ұсынғанда);
Тармақша 2
2) бас бостандығынан айыру жерлерінде немесе уақытша ұстау изоляторында болған (анықтама ұсынылғанда);
Тармақша 3
3) емделуде болса немесе туберкулез, психоневрологиялық диспансерлерде есепте тұрса.
Тармақ 5. 5. Өздері жылытатын жеке меншік үй кұрылыстарында тұратын тұрмысы төмен отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй жәрдемақыларын ұсыну тәртібі
5. Өздері жылытатын жеке меншік үй кұрылыстарында тұратын тұрмысы төмен отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй жәрдемақыларын ұсыну тәртібі
Тармақ 30
30. Өздері жылытатын меншік үй құрылыстарында тұратын тұрмысы төмен отбасыларына тұрғын үй жәрдемақысы үй иесіне, жалдаушыларға - тұрғып үйді жалдауға келісім шарт болғанда беріледі.
Тармақ 31
31. Өздері жылытатын жеке меншік үй құрылыстарында тұратын отбасыларға тұрғын үй көмегін есептеу үшін көмірдің әлеуметтік шығын жалпы ауданның бір шаршы метріне 129,8 кг, бірак бір үйге 5000 кг. аспау керек.
Тармақ 32
32. Көмірдің құнын есептеу үшін қала бойынша қалалық статистика басқармасының ұсынуымен орташа баға және тоқсанның соңғы айында есептелген тұрғын үй көмегі (желтоқсан, наурыз, маусым, қыркүйек) бойынша акпарат қолданылады
Тармақ 33
33. Көмірді сатып алу мезгіліне байланысты көмірдің тұрғын үйге барлық әлеуметтік шығын нормасы (көмірдің кұны) өтініш жасаған тоқсанында бір рет 3 айға есепке алынады.
Тармақ 34
34. Өздері жылытатын жеке меншік үй құрылыстарында тұратын тұрмысы төмен отбасыларға (азаматтарға) бір мәрте ұсынылады. Тұрғын үй көмегі өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы отбасының орташа кірісімен есептеледі.
Тармақ 35
35. Бір үйдің бірнеше иесі болса, онда тұрғын үй көмегі әр үй иесіне (жанұяға) тағайындалады, сонымен қатар бір үйге әлеуметтік көмір нормасы әр отбасына, алып отырған ауданына байланысты сайма сай бөлінеді.
Тармақ 36
36. Электр куаты, газ, су, қоқыс шығындарын өтініш берген гоқсанның алдыңғы тоқсандағы түбіртектердің орташаларын есепке алынады. Ауылдық әкім бекітуімен көмір және газ сатып алу актісін ресімдеу рұқсат етіледі.
Тармақ 6. 6. Тұрғын үй көмегінің қаржыландыруы мен төлемі
6. Тұрғын үй көмегінің қаржыландыруы мен төлемі
Тармақ 37
37. Тұрғын үй көмегі қалалық бюджет қаражаттарының есебінен көрсетіледі. Тұрғын үй көмегі ақшалай төлем ретінде тағайындалады.
Тармақ 38
38. Тұрғын үй көмегінің төлемі осы мақсаттарға жергілікті бюджеттен бөлінген қаражаттар есебінен азаматтардың салымы бойынша шоттарына есептелу жолымен екінші деңгейдегі банкілер (бұдан әрі тиісті банкілер) аркылы жүргізіледі. Тұрғын үй көмегінің төлемі мен шарты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен және тиісті банкілер арасындағы жасалған агенттік келісімімен белгіленеді.
Тармақ 39
39. Тиісті банкілердің филиалдары жоқ Қазақстан Республикасының елді мекендерінде аталған төлемдер агенттік келісім негізінде қалалык жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен белгіленген органдар арқылы жүргізіледі. Қалалықмәслихаттын хатшысы Қ.Мирашев
Басқа 55. Семей қаласы бойынша тұрғын үй көмегін есептеу кезінде қолданылатын әлеуметтік мөлшерлер
1-Қосымша Семей қаласы бойынша тұрғын үй көмегін есептеу кезінде қолданылатын әлеуметтік мөлшерлер
Тармақ 1
1. Алаңдар көлемі: жалғыз тұратын азаматтар үшін-33 шаршы метр; 2 адамнан тұратын отбасы үшін-51 шаршы метр; адамдар саны бөлмелер санымен бірдей болса, онда жалпы көлем есептеледі.
Тармақ 2
2. Тұрғын үйді ұстау шығындары 1 шаршы метрге -10 теңге.
Тармақ 3
3. Газға шығындау нормасы айына 1 адамға: газды плита және ыстық суы барларға - 4,8 кг; ыстық суы жоқтарға - 8,2 кг.
Тармақ 4
4. Электр куатын тұтыну нормасы: жалғыз адам тұрса - 70 кВт; 2 адам тұрса-140 кВт; 3 және одан артық адам тұрса әрқайсысына - 70 кВт-тан аспау керек. Электроплита қолданатын және газы мен ыстық суы жоқ тұрғын үйлердің мөлшері: 1 адам тұрса - 100 кВт; 2 адам тұрса - 200 кВт 3 және одан артық адам тұрса кісі басына 100 кВт. Тұтыну мөлшерімен және оларды сумей , жылумен қамтамасыз ету, қоқысты шығару, жедел саты қызыметін көрсету және үйді ұстау бойынша тарифтерді қызымет берушілермен ұсынылады. Егер есептеуші құралдары болған кезде , есептеу есептеу көрсеткіш бойынша алынады, тек қолданып жүрген мөлшерден жоғары болмауы керек. Қалалықмәслихаттын хатшысы Қ.Мирашев
Басқа 60. Ет өніміне жарамды үй жануарлары мен құстарының жасы
2-қосымша Ет өніміне жарамды үй жануарлары мен құстарының жасы Шаруашылықтың түрі Ет өніміне жарамды үй жануарлары мен құстары (ай) Ірі кара мал 25 Қойлар, ешкілер 12 Шошқалар 10 Жылқылар 16 Түйелер 18 Тауықтар, үйректер, каздар 8 Қалалықмәслихаттын хатшысы Қ.Мирашев