О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 июля 2006 года № 688 Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 19 шілдедегі N 688 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
Тармақ 1
1. "Мүлiктi жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жария етiлген жер учаскелерiне құқықтарды ресiмдеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 19 шiлдедегi N 688 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2006 ж., N 27, 282-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген "Мүлiктi жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жария етiлген жер учаскелерiне құқықтарды ресiмдеу ережесiнде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органдары жылжымайтын мүлiктi жария етудi жүргiзу жөнiндегi тиiстi комиссия (бұдан әрi - комиссия) мүлiктi жария ету туралы шешiм шығарған күнiнен бастап екi жұмыс күнi iшiнде жария ету субъектiсiне комиссия қабылдаған шешiм және жария етiлген жер учаскесiне құқықты куәландыратын құжатты дайындау үшiн осы Ереженiң 5 немесе 6-тармақтарына сәйкес материалдарды аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органдарына ұсыну қажеттiлiгi туралы хабарлайды.";
7-тармақта "өтiнiш берiлген күннен бастап жиырма жұмыс күнi" деген сөздер "жария ету субъектiлерiнен осы Ереженiң 5 немесе 6-тармақтарында көрсетiлген материалдар түскен күннен бастап он бес жұмыс күнi" деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақта "он бес" деген сөздер "он" деген сөзбен ауыстырылсын;
13-тармақта "және беру" деген сөздер алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледi.