О внесении изменений и дополнения в Указ Президента Республики Казахстан от 19 июня 2007 года N 346 Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.10.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 19 маусымдағы N 346 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында жариялануға тиіс ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 19 маусымдағы N 346 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 20, 227-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: жоғарыда аталған Жарлыққа қосымшада: 2-тармақта: 4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "4) магистральдық газ-мұнай өнімдері құбырларының жабдықтарын, сорғы-сығымдаушы станцияларының қондырғыларын, резервуарлық парктері мен желілік бөлігін, сондай-ақ жерасты газ сақтау технологиялық жабдықтары мен скважиналарын пайдалану;"; мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын: "6) магистралдық құбыр жолдарының сорғы-сығымдаушы станциялары жабдықтарының және желілік бөліктерінің, оның ішінде су асты өткелдерінің диагностикасы; 7) электр химиялық қорғау құралдарына тоттануға техникалық қызмет көрсету."; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "3. Тұрғын үй және коммуналдық-тұрмыс объектілерін газдандыру жүйелерін пайдалану: 1) сыртқы газбен жабдықтау жүйелерін пайдалану, оларға техникалық қызмет көрсету және ұстау (газ тарату пункттері, газ тарату қондырғылары, жоғары, орташа және төмен қысымды газ тарату желілері); 2) үй ішіндегі газ желілерін, газ құралдары мен жабдығын пайдалану, оларға техникалық қызмет көрсету және ұстау.".
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі өз актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін.
Тармақ 3
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.