О внесении изменения в постановление акимата города от 19 апреля 2007 года № 10-143/4 «О проведении призыва на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2007 года граждан, родившихся в 1980-1989 годах» Қолданыста
Басқа 0
«1980-1989 жылдары туған азаматтарды
2007 жылдың сәуір-маусым және қазан-
желтоқсан айларында жедел әскери қыз-
метке шақыруды өткізу туралы» қала
әкімдігінің 2007 жылдың 19 сәуіріндегі
№ 10-143/4 қаулысына өзгерістер енгізу
туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» 2007 жылғы 17 сәуірдегі №318 Жарлығына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарды «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», 2005 жылғы 8 қаңтардағы «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Заңдарына және 2006 жылғы 30 маусымдағы «Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес, азаматтарды жыл сайынғы жедел әскери қызметке шақыруды және ұйымдастыруды өткізуге байланысты, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қала әкімдігінің 2007 жылғы 19 сәуірдегі № 10-143/4 «1980-1989 жылдары туған азаматтарды сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында жедел әскери қызметке шақыруды өткізу туралы қаулысына толықтырулар енгізу туралы» (Қарағанды облысы Әділет басқармасында 2007 жылғы 7 мамырда 8-6-46 нөмірінен тіркелген, қалалық «Шарайна» газетінің 2007 жылғы 11 мамырдағы 53 (1461) нөмірінде жарияланған), қала әкімдігінің 2007 жылғы 26 маусымдағы № 15 – 227/6 «Қала әкімдігінің 2007 жылғы 19 сәуірдегі № 10-143/4 «1980-1989 жылдары туған азаматтарды сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында жедел әскери қызметке шақыруды өткізу туралы» қаулысына толықтырулар енгізілді (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіміне 2007 жылғы 4 шілдеде 8-6-48 нөмірімен тіркелген, қалалық «Шарайна» газетінің 2007 жылғы 7 шілдедегі № 77 (1485) нөмірінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) Азаматтарды жедел әскери қызметке шақыру жөніндегі қалалық комиссиясының құрамынан:
Мұқанова Гүлжанат Молдахметқызы – «Сәтбаев қаласының № 4 отбасылық дәрігерлік амбулаториясы» құлақ, мұрын және тамақ ауруларының дәрігері;
Ыбраева Айнұр Ақпанқызы – «Сәтбаев қаласының поликлиникасы» МКҚК медбибісі, шығарылсын;
Тармақша 2
2) Азаматтарды жедел әскери қызметке шақыру жөніндегі қалалық комиссиясының құрамына:
Қадырбекова Роза Рахымбекқызы - «Сәтбаев қаласының поликлиникасы» МКҚК құлақ, мұрын және тамақ ауруларының дәрігері;
Бектауова Әсем Сәрсенбайқызы – «Сәтбаев қаласының № 1 ОҚА» МКҚК медбике-терапевті.
Тармақ 2
2. Азаматтарды жедел әскери қызметке шақыру жөніндегі қалалық комиссиясының жеке құрамы, осы қаулының № 2 Қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы ресми жарияланған күннен он күнтізбектік тәулік өткеннен кейін күшіне енеді.
Тармақ 4
4. Қаулының орындалуын бақылау Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары М.С. Мәдиеваға жүктелсін.
«Келісілген»
«Сәтбаев қаласының қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі» ММ бастығы
А.Д. Грудей
«20» 09 2007 ж.
«Келісілген»
«Сәтбаев қаласының ішкі істер бөлімі»
ММ бастығы
С.Б. Жаппаров
«20» 09 2007 ж.
«Келісілген»
«Қарағанды облысы денсаулық сақтау
департаменті» ММ Жезқазған аймақтық
өкілдігінің басшысы
К. Қ. Қабыкенов
«20» 09 2007 ж.
«Келісілген»
«Сәтбаев қаласының қаржы бөлімі»
ММ бастығы
Е. Х. Сәкеев
«20» 09 2007 ж.
Басқа 7
Сәтбаев қаласы әкімдігінің
2007 жылғы „20” 09
№ 23-339/9 қаулысымен
бекітілген № 2 қосымша
Азаматтарды жедел әскери қызметке шақыру жөніндегі
қалалық комиссия құрамы жанындағы медициналық комиссияның құрамы:
Маймақова Кәуя Кәкімқызы - «Маймақова К.К.» жеке
кәсіпорнының жүйке аурулары
дәрігері, медициналық комиссияның
өрайымы.
Әбдіғожина Баян Өтегенқызы - Сәтбаев қаласының «Стоматология»
өндірістік кооперативінің тіс
дәрігері;
Баспаева Нұрсұлу Ырзахметқызы - «Сәтбаев қаласының № 6 отбасылық
дәрігерлік амбулаториясының»
дәрігер-терапевті;
Балтабекова Масура Мұқашқызы - «Сәтбаев қаласының поликлиникасы»
МКҚК көз дәрігері;
Бұланбаева Гүлбану Дәнекейқызы - «Сәтбаев қаласының жүйке
аурулары диспансері»
МКҚК жүйке аурулар дәрігері;
Даирова Мира Сейдаловна - «Жезқазған қаласының тері және
жұқпалы аурулары диспансері»
МКҚК дәрігері;
Қадырбекова Роза Рахымбекқызы - «Сәтбаев қаласының поликлиникасы»
МКҚК құлақ, мұрын және тамақ
дәрігері;
Сүлейменова Ақмарал Өмірбекқызы - «Сәтбаев қаласының поликлиникасы»
МКҚК дәрігер – оташысы.
Әльменбетова Рая - «Сәтбаев қаласының поликлиникасы»
МКҚК, медбибісі;
Бүстікбаева Күләш Қалиқызы - «Сәтбаев қаласының поликлиникасы»
МКҚК, медбибісі;
Бектауова Әсем Сәрсенбайқызы - «Сәтбаев қаласының № 1 ОҚА»
МКҚК медбике-терапевті.