О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Тарановского района от 19 апреля 2007 года № 128 «Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в апреле-июне, октябре-декабре 2007 года» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.09.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2007 жылғы сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» Таран ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 19 сәуірдегі № 128 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы Қазақстан Республикасы Занының 31-бабына сәйкес және кадрлық өзгерістерге байланысты, Таран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күшштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2007 жылғы сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы Таран ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 19 сәуірдегі № 128 (Таран ауданының әділет Басқармасымен тіркелген 2007 жылғы 3 мамырда 9-18-49 аудандық газеті «Шамшырақ» 2007 жылғы 4 мамыр № 18) қаулысына өзгерістер меп толықтырулар енгізілсін: аудандық әскерге шақыру комиссияның құрамынан Кайрат Жанділдәұлы Сүйіндіков шығарылсын; жоғары көрсетілген комиссияның құрамына: Роман Максұтұлы Бермағамбетов аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары болып енгізілсін.
Тармақ 2
2. Әскерге шақыру аудандық резсрвтік комиссиясы 1 қосымшаға сәйкес құрылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Р.М. Бермағамбетовқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы бірінші ресми басылғаннан кейін он күн откен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. Аудандық резервтік әскерге шақыру комиссиясының құрамы
Әкімдіктің 2007 жылғы 20 қыркүйектегі № 283 қаулысына 1 қосымша Аудандық резервтік әскерге шақыру комиссиясының құрамы Денис Валентинович Ишеев - Таран ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бастығынын орынбасары - корғаныс аумақтық және жұмылдыруға дайындық бөлім бастығы, комиссияның төрағасы Кенжебек Ерғалиұлы Ещанов - аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары Гүлнәр Қасымқызы Бекманова - Қарулы Күштерінің қызметкері, комиссияның хатшысы Әлібек Қазиханұлы Оқанов - «Таран аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының дәрігері, дәрігерлік комиссиянын төрағасы Марат Карлович Отыншин - «Таран аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығынын орынбасары